|
|||
Разработано для родителей с целью предоставления им возможность отслеживания успеваемости своего ребенка в школе
Разработано для учителей с целью предоставить им возможность управлять учебно-образовательным процессом в школе
Познакомьтесь с примерами заданий и анимацией.
Бүгін 20.10.2023ж. күні мектепте мектепішілік математика- жаратылыстану пәндері мұғалімдерінің олимпиадасы өтті. Олимпиадаға 5 пәннен 27 мұғалім қатысты. Олимпиадада портфолио, жетістік қаралды және олимпиадалық 5 есептен берілді. Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орын алған мұғалімдер аудандық кезеңге жолдама алатын болады.
12.04.2023ж күні" N 7 жалпы білім беретін мектеп"КММ 9-сынып оқушыларының қатысуымен КАСПИЙ ӨҢІРІ"БОЛАШАҚ"КОЛЛЕДЖ мамандарымен кездесу өткізілді.Мамандар өздерінің оқытатын мамандықтары жайында көп мәлімет беру мен бірге биылғы жылғы оқуға орналасудың ерекшеліктері жайына да біраз тоқталды.Оқушылар өздерін қызықтырған мамандық түрлеріне сәйкес сұрақтар қойды.
Бүгін 20.01.2023 ж. күні Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің 17.01.2023ж. 15-бұйрығы негізінде мектепішілік "Тілші мұғалімдер-2023" олимпиадасының 1 туры өтті. Олимпиадаға қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінің барлық мұғалімдері қатысты. Олимпиада өткізу ережесіне сай белгіленген уақытқа сай, критерийлер бойынша ұпаймен бағаланды. Қорытындысы бойынша 1-кезеңнен жоғары ұпай алған мұғалімдер 2- турға өтті.
Кәсіптік бағыт бағдар беру жоспары бойынша 11 сынып оқушыларына "Шахмардан Есенов" атындағы мемлекеттік технологиялар және инжинеринг Балекова Ақнұр Аманбековна "Энергетика және автоматтандыру" кафедрасының аға оқытушысы және Альбина Әділбекқызы қазақ әдебиеті мамандығының белсенді студенті оқу орнының ерекшеліктерімен университетте оқытылатын мамандық түрлерімен таныстырды. Университеттің арнайы оқу корпусы ,шеберханасы, жатақханасы бар екені туралы ақпараттар беріп өтті. Таныстыру барысында анкеталар толтырылып ,ойындар ойнатылды. Белсенді қатысқан оқушыларға өз сыйлықтарын тарту етті.
31.10.2022ж. мектебімізде “Құзыретті тұлға тәрбиелеудегі мектеп пен ата - ана арасындағы ынтымақтастық” тақырыбындағы мектепішілік сынып жетекшілерге арналған тренинг өткізілді. Тренинг барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ұ.Жарасбаева,жас мамандар Н.Әзімбаева мен М.Төребаева өз ісі тәжірибесімен бөлісу арқылы сынып жетекшілерге әдістемелік көмек көрсетті. Сонымен қатар директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Г.Келешова күзгі каникул кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында өтетін іс-шаралармен таныстырды.
Қазан айының 11-і жұлдызында «Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай» жасақталған жоспары бойынша жасөспірім яғни 6,7,8 сынып қыздарына дәрігерлік кеңестер берілу мақсатында "ДЕНСАУЛЫҚ ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ" тақырыбында Атамекен ауыл емханасы әйелдер дәрігері Жанар Рамазановамен кездесу ұйымдастырылды. Дәрігер тарапынан оқушыларға денсаулыққа қажетті ақпараттар беріліп, кері байланыс жүргізілді.