ЖҮРЕКТЕН ШЫҚҚАН МЫҢ АЛҒЫС
1 - наурыз Алғыс айту күніне орай мектебімізде “Жүректен шыққан мың алғыс!” тақырыбында мерекелік кеш өткізілді. Бұл шараға Атамекен селолық округінің әкімі Қайнаров Ерлан Төребайұлы, мектеп директоры Нұрбаева Қансұлу Дүйсенқызы және мұғалімдер мен ата - аналар қатысты.
Концерттік бағдарлама басталмастан бұрын, екінші қабат дәлізінде 9 - сынып оқушыларының ұйымдастыруымен өзге ұлт өкілдерінің қазақ халқына ризашылық ниетін білдіру мақсатында құрметті қонақтарымыз ата - аналар мен мұғалімдерге арнап әр ұлт өкілдерінің ұлттық тағамдары қойылды.
Мерекелік кешімізде өзге ұлт өкілдерінің билері көрермен көпшілікке қойылды. Ән шырқалып, өлең оқылды. Қасиетті домбырамыз сахна төрінде күмбірледі, баянда да оқушымыз ойнады.
Барша қатысушы белсенді, талантты да дарынды оқушыларымыз бен құрметті қонақтарымызға, ұлағатты ұстаздарымызға үлкен АЛҒЫС айтамыз!



