Коммунальное государственное учреждение

Средняя школа общего
образования №7

20/06/2025  Пятница
    +7 (7292) 31 89 12
Мангистауская область, Мунайлинский район, село Атамекен
 

Меню

Погода

  Актау  
 

pogoda

14.07.22 1

Мобильное приложение для родителей

Разработано для родителей с целью предоставления им возможность отслеживания успеваемости своего ребенка в школе

Play Market App Store

 14.07.22 2

Мобильное приложение для учителей

Разработано для учителей с целью предоставить им возможность управлять учебно-образовательным процессом в школе

Play Market App Store

logo new

TopIQ – современные цифровые учебники

Познакомьтесь с примерами заданий и анимацией.

https://topiq.kz/ru 

 

"Даналық мектебі" клубының жұмыс жоспарына сәйкес 9-10 сынып қыздарына жиналыс өткізілді.
Мақсаты: Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру.
Екінші мәселе бойынша мектеп мейірбикесі қыз бала бойындағы тазалықтың қандай болуы, оны қалай ұстану жайлы айтты. Қыз баланың ерте жүктіліктен қалай сақ болуы керек және аулақ болуы жайлы баяндамалар оқыды.
Үшінші мәселе бойынша қыз балаларға арналған видеоролик көрсетілді. Жиналысқа келіп қатысқан қыз жеңгелері өз ойларын ортаға қосты. Ата-анаға сөз келтірмейтін қазақ қыздарына тән қасиеттерді бойына сіңіріп, үлкеннен өнеге алып, ұлттық дәстүрімізді жалғастыратын ибалы, инабатты, білімді қазақ қызына лайық болуға шақырды.
Ұйымдастырған: Г.Абдрахметова, Н.Кулжигитова. Қатысқан сынып жетекші: 8 сынып жетекші. Қатысқан оқушы саны: 120. Қатысқан ата-ана саны: 3
 
“Бой түзеу - әуелі ой түзеу”
Жоғары сынып оқушыларына қыздар жиналысы өткізілді. Жиналысқа мектеп ДТЖО- лары Д.С.Танатарова, У.Ж.Жарасбаева, педагог - психолог Г.Т.Картбаева және мектеп медбикесі қатысты.
Қыз бала тәрбиесінің ерекшелігі, қыздарға тән мінез-құлық, қыз бала мәдениеті, қыз баланың қоғамдағы орнын айырықша түсіндіріп, эстетикалық тәрбие беру мақсатында өткізілді.
boi boit boitu
АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ
9-10-11 сынып қыздарына бүгін жиналыс өткізілді. Жиналыстың негізгі мақсаты қыз балалардың арасында құқықбұзушылық, зорлық - зомбылық пен ерте жүктіліктің алдын алу. Жиналысқа Мұнайлы аудандық білім бөлімінің маманы Жасанова Шархат, Мұнайлы АПБ ЖПКб ЮПТ аға инспекторы Сарбасова Жанат Сарсенбаевна және аудандық ата - аналар комитетінің төрағасы Дәрібаева Райхан апай қатысты. Оқушыларға тақырыпты ашу үшін тақырып аясында бейнеролик көрсетіліп, ақпараттық түсінік жұмыстары жүргізілді. Мектеп формасын сақтау, сабақтан себепсіз қалмау және кешікпеу туралы, мектептің ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес тәртіпті сақтауға шақырылды.
159 160 161

«№7 жалпы білім беретін мектеп» КММ Салауатты өмір салтын қалыптастыру және мектеп жасындағы қыз балалалардың арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында "Қызым сен тыңда..." тақырыбында 9-11 сыныптар арасында қыздар жиналысы өткізілді. Жиналысқа мектеп директоры Нурбаева Кансулу Дүйсеновна, ата-аналар комитетінің төрағасы Дарибаева Райхан Сұлтановна және "Мұнайлы қайырымды жандар" қайырымдылық қорының директоры, Мұнайлы ауданы бойынша қамқорлық кеңесінің төрайымы, Мұнайлы халық партиясы маслихатының орынбасары Базарбаева Самал Абайқызы,сонымен қатар мектеп директорларының тәрбие жөніндегі орынбасарлары Г.Келешова,У.Жарасбаева қатысты. Оқушылармен сауалдарына жауап алып,өз пікірлерімен бөлісті. Жиналыс жоғары деңгейде,нәтижелі аяқталды.

308015070 1541367192986564 6604080598050245027 n 308194423 1541367256319891 1177578230772757636 n 308390794 1541367402986543 2429504653446034642 n

«№7 жалпы білім беретін мектеп» КММ- де Отбасы күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі» тақырыбында мектепішілік қыздар жиналысы болып өтті.

Мақсаты: қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс - қимыл, жүріс - тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан - жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани - адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту. Жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу.

№26 бұйрықты негізге ала отырып, мектеп формасын сақтауға шақыру.

Әдісі: пікірлесу, әңгімелесу, сұрақ - жауап, салыстыру.

306637850 1534694603653823 3441456741317640913 n 306754076 1534694560320494 6680550101229632960 n 306941697 1534694620320488 4601313575283331790 n 307079202 1534694566987160 3760510400091389574 n

10.02.2018ж күні БМСККО Атамекен директоры Джулдызова Ләззат, психолог Джамалова Гулимхан, гинеколог Жүсіп Айжанның қатысуымен 7-8 сынып қыз балаларына қыздар жиналысы ұйымдастырылды. Жиналыста жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік пен қыздар гигиенасы туралы айтылды. Сонымен қатар ДТЖО Д.Таңатарова әлеуметтік желілердің зияны туралы да айтып өтті.

11.09.2017ж. күні қыздар жиналысы өткізілді. Жиналыста қыздардың тәртібі, сабаққа қатысы, мектеп формасы, жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын – алу, сенім жәшігі және сенім телефондары жайлы айтылды.
Қатысқандар: тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, «Қызғалдақ» ұйымының төрайымы Ғ.Рахимова, мектеп педагог – психологтары Г.Қартбаева, А.Мұрат, 6 – 11 сынып оқушылары, 6 – 11 сынып жетекшілері, мектеп медбикесі Ж.Далибаева.
12.10.2017 ж. күні №7 орта мектепте «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында қыздар жиналысы өтті. жиналысқаБМСККО Атамекен психологы Г.Жамалова, дәрігер С.Нурсултанова, гинеколог Г.Джанахметова қатысты. Гинеколог Г.Джанахметова «Ерте жүктілік және оның алдын алу» тақырыбында баяндама оқыды.
Қатысқандар: тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, «Қызғалдақ» ұйымының төрайымы Ғ.Рахимова, мектеп педагог – психологтары Г.Қартбаева, А.Мұрат, 6 – 11 сынып оқушылары, 6 – 11 сынып жетекшілері, мектеп медбикесі Ж.Далибаева.
20.10.2017 ж. күні қыздар жиналысы өткізілді. Жиналыста қыз балалардың жеке гигиенасы, достармен және құрбылармен күнделікті қарым – қатынаста жаман әдеттерден аулақ болу қағидалары туралы айтылды.
Қатысқандар: тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, «Қызғалдақ» ұйымының төрайымы Ғ.Рахимова, мектеп педагог – психологтары Г.Қартбаева, А.Мұрат, 6 – 11 сынып оқушылары, 6 – 11 сынып жетекшілері, мектеп медбикесі Ж.Далибаева.
16.11.2017ж. күні қыздар жиналысы өткізілді. Қыздар жиналысында қыздардың тәртібі, сабаққа қатысы, мектеп формасы туралы айтылды. «Қызғалдақ» ұйымының төрайымы Ғ.Рахимова «Қызға қырық үйден тыю» тақырыбында баяндама оқыды.
Қатысқандар: тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, «Қызғалдақ» ұйымының төрайымы Ғ.Рахимова, мектеп педагог – психологтары Г.Қартбаева, А.Мұрат, 6 – 11 сынып оқушылары, 6 – 11 сынып жетекшілері, мектеп медбикесі Ж.Далибаева.
5. 04.12.2017ж. күні «Мұнайлы аудандық Азаматтық бастамасы» қоғамдық бірлестігінің жоба жетекшісі төрайымы Айтолған Қошжанованың қатысуымен қыздар жиналысы өткізілді. Жиналыста қыздардың тәртібі, сабаққа қатысы, мектеп формасы, ерте жүктіліктің алдын алу және оның зардаптары және сенім телефоны және сенім жәшігі туралы айтылды. «Қазақ қызы қандай болуы керек?» тақырыбында бейнеролик көрсетілді. Қыздар өз пікірлерімен бөлісті.
Қатысқандар: ДТЖО Д.Танатарова, педұйымдастырушы Ж.Жарылғасова, «Қызғалдақ» ұйымының төрайымы Ғ.Рахимова, мектеп психологтары Г.Қартбаева, А.Мұрат, «Мұнайлы аудандық Азаматтық бастамасы» қоғамдық бірлестігінің жоба жетекшісі төрайымы Айтолған Қошжанова, 9-11 сынып қыз балалары – 160, сынып жетекшілер