15.12.2022 жылы мектебімізде Тәуелсіздік мерекесіне орай мұғалімдер арасында «Тұғыры биік - Тәуелсіздік» тақырыбында көркемсөз оқу байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты:
Ұстаздар арасынан шығармашыл тұлғаларды анықтау;
Тәуелсіздік туралы ақын-жазушылардың шығармаларын мәнерлеп оқу; Тәуелсіздік күніне арналған арнауларын оқу.
Байқауға бастауыш сынып мұғалімі Жуманова Гулия, қазақ тілі мен әдебиеті пәні Қалдыбаева Ақзия, ағылшын тілі пәні мұғалімі Утешова Улмаш, математика пәні мұғалімі Әбдірхан Салтанат, биология пәні мұғалімі Утепбаев Раушан, физика пәні мұғалімі Бердихан Хазина қатысты. Байқауға бастауыш сынып мұғалімі Биранова Тынышгүл, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Калмуратова Айнұр, Санбаева Гүлжайна әділқазылық жасады. Сайыс соңында әділқазылар шешімімен қатысушылар арасынан жеңімпаздар анықталып, маратталды.
І орын Жуманова Гулия
ІІ орын Бердіхан Хазина
ІІ орын Утепбаева Раушан
ІІІ орын Әбдірхан Салтанат
«Шығармашыл ұстаз» номинациясымен ағылшын тілі мұғалімі Утешова Улмаш және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қалдыбаева Ақзия.




