Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің

"№7 жалпы білім
беретін мектеп"

коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   

+7 (7292) 31 89 12
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,

Атамекен ауылы

2050 kz   adilet2kz   akorda kz   ban01 kz   ban02 kz       

Меню

Ауа райы

  Ақтау
 
 

pogoda

14.07.22 1

Мобильное приложение для родителей

Разработано для родителей с целью предоставления им возможность отслеживания успеваемости своего ребенка в школе

Play Market App Store

 14.07.22 2

Мобильное приложение для учителей

Разработано для учителей с целью предоставить им возможность управлять учебно-образовательным процессом в школе

Play Market App Store

logo new

TopIQ – современные цифровые учебники

Познакомьтесь с примерами заданий и анимацией.

https://topiq.kz/ru 

 

5-сыныптар арасында  алынған сауалнама ақпараты.

Өткізілген күні: 28.11.2017ж

Қатысқандар: 215 оқушы

5 сынып оқушыларының мектепке, мұғалімдерге, достарына және  жан-жақты көз қарасын анықтау мақсатында «Мектеп оқушылар көзімен» сауалнамасы алынды.

Сауалнама 12 сұрақтан тұрады. Оқушылардан  сауалнама сұрақтарына ойланып, өз ойыңызды шынайы, ашық көрсетіп жауап берулері  сұралды.

Сауалнамаға оқушылар еркін түрде қатысып, өз ойларын ашық жазды, нәтижесінде оқушылардың басымы мектептің ұнайтындығын және мектеп директорының мейірімді екенін атап айтқан, 5 сыныпқа енді – енді үйренісіп келе жатқандықтан сыныптан сыныпқакөшіп оқудың қиындық тудырып жүргендігін айтып өткен.

Осы бағытта сауалнамадан соң оқушылармен«Қарым-қатынас», «Мейірімділік» тренингтер жүргізілді.

Жасөспірімдердің физикалық және психикалық денсаулығын нығайту бағдарламасы бойынша 8-9-10 сынып оқушыларына өткізілген «Өмірге керек 20-сабақ» жүргізілді.

№7 жалпы білім беру орта мектебінде педагог-психологтары оқушылардың көңіл – күйін көтеру бағытында тренингтер өткізілуде.

Орта буын оқушыларының қарым-қатынасын нығайту мақсатында өткізілген тренинг

Тренинг мақсаты: Өтпелі кезең оқушылырының қарым-қатынасын орнату. Өзін-өзі бақылауға үйрету, өз эмоциясын, өмірлік күштерін белсендету, өзін-өзі бағалауларын көтеру.

1.Танысу тренингі Әр қатысушы өз есімдеріне сын есім жалғап бір-бірімен танысу.

2.Тренинг «Жағымсыз қасиеттер жәрменкесі» Топ арасындағы ұйымшылыдығын, эмпатия сезімін дамыту, оқушылар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, жағымды ахуал қалыптастыру және әр оқушының ішкі ресурстарын белсендету.

3.Ойын «Әрекет» оқушылардың іс-әрекеттегі қарым-қатынасын бақылау.

4.Топтық жарыс «Ұжымшылдық»

Топ ұйымшылдығын бақылау барысында байқау қабілеттерін дамыту. Іс-әрекет функцияларын орнықтыру. 

5.Оқушылардың тренинг соңындағы көңіл-күйлерін қағаз бетінне түсіруі.

Интерпретация: Орта буын оқушылары  арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатындағы тренингті оқушылар басында сескенумен бастады. Бір-бірімен кездескен кездегі бір-біріне тосырқаушылықтары байқалды. Бір-бірімен танысу тренингі барысында, ортаға бейімделе бастады.

«Жағымсыз қасиеттер» тренингі барысында оқушылар бір-біріне үйренісе бастады. Өзара түсінісе, бір-біріне сыйластықпен жауап берулері байқалды.

«Әрекет» ойыны барысында оқушылар қызығушылық пен қатысып, берілген тапсырмаларды уақытында белсене орындады.

Келесі топтың ұйымшылдығын байқау барысындағы топтық жарысқа сыныптар бір-бірімен қызықты әрі жылдамдықпен ұйымдасқан түрде қызығушылықпен қатысты. Сыныптар арасындағы қарым-қатынасты орната алдық.