"№7 жалпы білім беретін мектеп" КММ асхана қызметкерлері тізімі
Оқушыларды тамақпен қамтамасыз ету
Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық білім бөлімінің «№ 7 жалпы білім беретін мектеп» КММ-сі 2021-2022 оқу жылына санитарлық– эпидимиологиялық маңыздылығы жоғары обьектіде асхана жұмысы, ас блогы қызметкерлерінің дайындығы, ас мәзірі, асхана кестесі тамақтану нормалары әзірленіп, бракераждық комиссия мүшелері бекітілді. «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылармен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартына сәйкес қазіргі таңда 314 оқушының ата-анасы өтініш білдірді. І кезеңде 1 сыныптар 156 оқушы, 4-сыныптар 48 оқушы, 5-сыныптар 35-оқушы, 9-сыныптар 18 оқушы, 10-сыныптар 10 оқушы, 11-сыныптар-3 оқушы.
ІІ кезеңде 2- сыныптар 57 оқушы, 3-сыныптар 47 оқушы, 6-сыныптар 42 оқушы, 7-сыныптар 26 оқушы, 8-сыныптар 28 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды.
Шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин кезеңінде мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру ҚР Бас мемлекеттік санитарялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанда № 67 қаулысымен бекітілген мектеп асханалары қызметінің тәртібіне қойылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырылуда
- Асхананың толымдылығы -30% -тан артық емес;
- Әлеуметтік қашықтықты сақтау үстелдер мен келушілер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр едендегі белгілер, қоршаулар, тосқауыл таспалар;
- Өзіне –өзі қызмет көрсетуге тыйым салу;
- Буфет өнімдерін жеке орамада жіберу және т.б
Бақылауды жауапты кызметкер, комиссия мүшелері қамтамасыз етілуде.
Балаларды сапалы тамақпен қамтамасыз ету, балалар денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етілуде.