«Жас маман: алғашқы қадам, кәсіби бағыт»
Жас мамандар апталығының іс-шара жоспарына сәйкес «Жылы сөз – жанға қуат» тақырыбында тимбилдинг өтті.
Бұл шара – ұжым арасындағы сенім мен сыйластықты нығайтуға, рухани қолдау көрсетуге және кәсіби ынтымақтастықты арттыруға бағытталған мазмұнды кездесу болды. Тимбилдинг барысында қатысушылар бір-біріне ізгі лебіздерін білдіріп, жылы сөздің адам жанына демеу, жүрекке қуат сыйлайтын ерекше күш екенін терең сезінді.
Ізгі ниет пен шынайы қарым-қатынасқа негізделген тапсырмалар ұстаздардың бір-бірін жаңа қырынан тануына, өзара түсіністік пен қолдау мәдениетін қалыптастыруына ықпал етті. Әр айтылған жүрекжарды сөз, әрбір шынайы тілек ұжымның рухани бірлігін бекемдеп, кәсіби жолдағы сенімді серіктестікке бастады.
Ұйымдастырушылар: Джайлыбаева В.К;
Магзан Т.Н; Қонаққызы Ф.