
Разработано для родителей с целью предоставления им возможность отслеживания успеваемости своего ребенка в школе

Разработано для учителей с целью предоставить им возможность управлять учебно-образовательным процессом в школе

Познакомьтесь с примерами заданий и анимацией.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың, қылмыстың, келеңсіз оқиғалардың, есірткі зиянды заттардың алдын алу мақсатында Мұнайлы аудандық прокуратурасының прокуроры А.Дәрібаев, инспекторы М.Оңғалбаев және мектеп мейірбикелерінің қатысуымен жоғарғы сынып оқушыларына түсінік жұмыстары жүргізіліп, дәріс оқылды.




28.09.2023ж. күні мектептің әдістемелік жөніндегі директор орынбасары Г.Едилованың ұйымдастыруымен мектепішілік “Үздік тарих және құқық пәні мұғалімдерінің олимпиадасы” болып өтті. Олимпиадаға тарих және құқық пәні мұғалімдері түгел қатысты. 1-турда тест сұрақтарына жауап берсе, 2-турда портфолио, ғаламторда жеке сайттарының жүргізілуі, ашық сабақ көрсетті. Олимпиада қорытындысы бойынша ұпай саны жоғары болған мұғалім аудандық кезеңіне іріктелді. Олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысушы әріптесімізге сәттілік тілейміз және жүлделі орынға ие болады деп үлкен сенім білдіреміз




Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай бүгін мектебемізде "Тәуелсіздік - тәтті сыйы бабамның" тақырыбында салтанатты жиын болып өтті. Мерекелік жиын "Азаттық құны" деп аталатын поэтикалық композициямен ашылды. Жиынға мектеп директоры К.Д.Нурбаева, Атамекен селолық округі әкімінің орынбасары М.К.Созакбаев және мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Тәуелсіз елдің ұрпағы өз елін, азаттығын мәңгі жырлап өтеді. Олар тәуелсіздікті тәу етер жалғыз кием деп ұғады. Әр қазақстандықтың жүрегіне патриоттық сезім ұялатар мейрам қарсаңында мектеп оқушылары мен мұғалімдері тәуелсіздікке арнап жалынды жырларын оқыды, ән айтылып, күй де шертілді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында мектебіміздің ұлағатты ұстаздары мектеп директорының алғысымен марапатталды. Сонымен қатар, Атамекен селолық округі әкімінің алғысына ие болды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында "Мұғалім үшін ең жақсы марапатты - оқушылар ғана береді" деген оймен келісер болсақ, мектебіміздегі Өзін - өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен мектеп президенті Х.Тұрлыбек ең үздік деген мұғалімдерімізді оқушылардың атынан марапаттады.
МЕРЕКЕ ТАҒЫ ДА ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында мектебімізде "Рухани шамшырақ" атты әдеби - сазды кездесу кеші өткізіледі. Кеш қонағы ақын, журналист Анар Шамшадинова Амангелдіқызы
Құрметті оқушы! "Ақынға сұрақ" айдарына дайын келіңіз. Көкейде жүрген сауалыңызға жауап алып, ақынмен кездесу кешінде ақын шығармашылығымен рухани сусындаңыз!
Ұйымдастырушы: тәрбие бөлімі және "Өзін - өзі басқару ұйымы".


№7 жалпы білім беру орта мектебінің коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру, әдеп нормаларын сақтау және заңнама бұзушылықтарының алдын алу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты мен әдеп кодексі 12 қазан 2020 жылы № 159-нқ бұйрығымен бекітілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру, парасаттылық мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ қызмет әдеп нормаларын сақтау және заң бұзушылықтарының алдын алу мақсатында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Аршеева Гаухар Бектасовна әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілі болып тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 қаулысымен бекітілген "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне" "№7 жалпы білім беру орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемеге филантропиялық қызметтен және демеушілік қызметтен, немесе меценаттық қызметтен, және кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен қолма-қол ақшасын бақылау шоты ашылғандығы туралы мәліметін береміз. БСН - 110840007761, ҚБШ -KZ540704034648107001.