
Разработано для родителей с целью предоставления им возможность отслеживания успеваемости своего ребенка в школе

Разработано для учителей с целью предоставить им возможность управлять учебно-образовательным процессом в школе

Познакомьтесь с примерами заданий и анимацией.
01.12.2025ж. күні өткізілген Республикалық "Педагогикалық идеялар фестивлі" байқауының аудандық сырттай іріктеу кезеңіне мектебімізден қатысқан 3 мұғалім қатысып, 3-уі де жүлделі орындарды иеленді. «Шеберлік палитрасы» бағыты бойынша тарих пәні мұғалімі Мадатова Олтинай Нурмонқызы ІІ орын, математика пәні мұғалімі Төребаева Махаббат Қайратқызы мен құқық пәні мұғалімі Жанпеисова Дина Габибуллақызы ІІІ орындарды иеленді. Мадатова Олтинай облыстық кезеңге жолдама алды. Әріптестерімізді мектеп қоржынына қосқан үлесімен құттықтай отырып, Мадатова Олтинайға сәттілік тілей отырып, облыстық кезеңнен де жүлделі орын алуына тілекшіміз!!!
Аудандық жетістік. Аудандық “Тілші мұғалімдер-2025” байқауында қазақ тілі пәні мұғалімі Байманова Ақтолқын 3-орын, ағылшын тілі пәні мұғалімі Алдабергенова Гүлнұр 2-орынды иеленді, Әріптестерімізді жетістігімен құттықтаймыз!!!
Мұнайлы аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ" тақырыбында өткізілген жазба ақындар байқауында көркем еңбек пәні мұғалімі Атабаева Жансилло ІІ орын иемденді. Құттықтаймыз!
29.11.2024ж күні мектебімізде 11-сыныптармен Ұлттық бірыңғай тестілеу туралы түсінік жұмыстары жүргізілді. Түсінік жұмыстың басты мақсатына сай оқушыларға тестілеудің талаптары мен ережелері, дайындық кезеңдері жайлы толық ақпарат берілді.
https://www.facebook.com/100013398934535/videos/556203077022285/