Разработано для родителей с целью предоставления им возможность отслеживания успеваемости своего ребенка в школе
Разработано для учителей с целью предоставить им возможность управлять учебно-образовательным процессом в школе
Познакомьтесь с примерами заданий и анимацией.
“Бала құқығы - адам құқығы” мектепішілік іс - шара аясында “Бала құқығы - басты құндылықтарының бірі” тақырыбында сурет байқауына белсене қатысқан оқушылар марапатталды.
20-қараша - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, "Бала құқығы - адам құқығы" республикалық онкүндікті мектепішілік деңгейде өткізу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес "Адам құқығы - бала құқығы" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Қазан айындағы іс - шаралар жоспарына сәйкес, мұғалімдер мерекесі қарсаңында мектебімізде “Дублер күні” ұйымдастырылды. Атаулы шараға өзін - өзі басқару ұйымы, мектеп парламенті мен жоғары сынып оқушылары белсене ат салысты. Мектеп әкімшілігі қызметін мектеп парламенті алмастырды. Мектеп директоры қызметін жаңа оқу жылында сайланған мектеп президенті Қожаметов Алижан атқарды.
«Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыбында қазақ тіліндегі эссе байқауы
5 қараша күні «Күзгі бал-2019» атты тақырыбында 10 сыныптар арасында Күзгі бал өткізілді. «Күзгі балл» мектепішілік кешінің мақсаты: Оқушылардың арасынан күз ханшайымы және күз ханзадасын анықтау. Оқушылардың тапқырлығын, шеберлігін анықтау, сайысқа деген қызығушылығын арттыру. Ұйымшылдыққа, өз ойларын ортаға салып көрсете білуге тәрбиелеу. Байқауда «Тегімді менің сұрасаң…», «Бар ізгілік тек білімнен алынар», «Жұлдыздар шеруі...», «Мерекелік дастархан мәзірі» және өнер сайысы бөлімдері бойынша сынға түсті. Мектепшілік өткізілген «Күзгі бал-2019» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып күз-береке, күз-молшылдық, күз-шаттық, күз-қуаныш екенін оқушы санасына жеткізіп, өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу. Барлық сыныптар түгелдей қатыстырылып, өз өнерлерімен тәнтті етті. Байқауды қорытындылау үшін көркем еңбек пәнінің мұғалімі Г. Амантаева, мектептің тәрбие ісінің орынбасары Г. Келешова және директордың дарынды балалармен жұмысы жөніндегі орынбасары Н.Базарбаева қатысып, оқушылардың өнерлерін тамашалады. Сайыста төрешілер бас жүлдені 10 «А» сыныбының оқушылары Парахатов Қанат пен Даулетбаева Айнұрды «Күзгі бал-2019» ханзадасы мен ханшайымы деп ортақ шешімге келіп, тәж кигізіп жүлделі орындарымен құттықтаса, І орынды 10 «В» сыныбы Кадырханов Досбол мен Куракбаева Назира иеленді. ІІ орынды 10 «Г» сыныбындағы Жетібай Нұрғазы мен Омурзакова Шынарай жеңіп алса, ІІІ орынды 10 «Ә» сынып оқушылары Бәтей Аят пен Рамазанова Айгеріммен және 10 «Б» сыныптың оқушылары Алимбаев Бекарыс пен Зулфыхар Гаухарға бұйырды. Сайысқа қатысқан барлық оқушылар ұйымдастырушылар тарапынан дипломдармен марапатталды. Бұл мерекелік шараға қатысқан, әрбір сынып өз үлестерін қосып, ұйымшылдықпен өздерін көрсете білді. Байқау өз деңгейінде өтті.
09.10.2019 ж. күні «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында 8-сынып қыздары арасында сайыс өтті. Шараның мақсаты қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрін қыз баланың бойына сіңіре отырып, әдепттілікке, сыпайылыққа, инабаттылыққа, мейірімділікке, төзімділікке, шыдамдылыққа баулып, ар тазалығын жоғары ұстайтын қыз тәрбиелеу.
Сайысқа әр сыныптан үш қыздан қатысты. Сайыс үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезең «Қыз қылығымен сүйкімді» өз өнерін көрсету, екінші кезең «Ақылды қыз білімге жүгірер» қазақ қызының қазіргі бейнесі туралы пікір білдіру, үшінші кезең «Қыз өссе елдің көркі» ас үй мәзіріне байланысты тапсырма берілді. Екінші кезең бойынша қыздар әсем ән айтып, мың бұрала билеп, сонымен қатар, салт-дәстүрлерді ұлықтайтын көріністер көрсетті. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Б.Аршеева сайысты қорытындылап қатысушыларға марапаттады. Сайыс өз деңгейінде өтті.
8 қазан күні «Қыз инабаттылығымен әдемі, әдептілігімен сәнді» атты сайыс өткізілді.Жалпы қыз баланың отбасындағы тәрбиесі оларды өмірге бейім, еңбекқор, білімді де әдепті, сезімтал да саналы, өнегелі де биік етіп тәрбиелеу ананың міндеті.Анасына қарап қыз өсер, әкесіне қарап ұл өсер деп айтылғандай, қыз анасына қолғанат болу керек, қамқоршы болу мақсатында өткізілді. Бұл сайысқа 9 сынып оқушыларымен аналары қатыстырылды. Қыздар мен ана арасындағы қарым-қатынасын нығайту, қыздардың арасындағы тән ұлттық тәрбиеге бағытталған. Аналардың қыздарын қаншалықта деңгейде білетіне туралы сұрақтар қойылды. Жанұядағы қыз тәрбиесінде ата-ананың рөлі. Қыз баланы сыйлауға, құрметтеуге, инабаттылыққа, ибалылыққа,әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеуді жүзеге асыру.Жалпы қыз баланың отбасындағы тәрбиесі оларды өмірге бейімділігі, еңбекқор, білімді де әдептілігі, сезімтал да саналы болуы, өнегелі де биік етіп тәрбиелеу ананың міндетті, сондықтан ортамызға 9 сыныптағы қыз балалардың аналары шақырылды.Әр кезеңнен тұрған сайыстан аналардың қыздарымен көрсеткен өнерлеріне тәнті болдық. Қатысқан ата-аналарға алғыс білдіріп, оқушылар марапатталды.
28 қыркүйек күні Облыстық өлкетану мұражайында Ә.Кекілбаевтың 80-жылдығына орай «Өлкетану» үйірмесінің жетекшілері Аршеева Гаухар және Утепова Ләззат «Маңғаз Маңғыстау Марқасқасы» атты тақырыпта танымдылық ашық тәрбие сағатын өткізуге барды. Мұражай қызметкерлеріде жылы шырай танытып қарсы алды. Сабақтың мақсаты тарихи тұлға Әбіш Кекілбаев заманымыздың бір заңғар тұлғасы, оны зерттеу, оған үңілу көп еңбек пен ізденісті талап ететіні жайлыөмірі мен шығармашылығына шолу жасап, қабілетін арттырып, оқушылардың бойында ата-бабаларына деген құрметсезімді және сүйіспеншілікке тәрбиелеу.Сабақтың әдісі сұрақ-жауап, әдеби тілде сөйлеуге үйрету. Саяхат барысында дамытушылық сұрақтар, тапсырмалар, ізденістерге негізделген жұмыс түрлерін өз бетімен орындауға дағдыландырып 3 топқа бөліп, әңгімелерінен үзінді оқыпоқшылар өз топтарын қорғап шықты. Бір-біріне сұрақтар қойып білімдерін арттырды.Ақын-жазушы туралы көптеген мәліметтер алды. Оқушылардың түйген ойлары адамгершіліке, саналы білім алуға, имандылыққа, әділ болуға тәрбиелеу. Мұражайдағы құнды жәдігерлерді өз көздерімен көріп, елеулі жаңалықтарымен бөлісті. Мұражайдан шыққан оқушылар рухани байып, ой өрістері кеңейіп, білімдерін шыңдай түсті.
12 қаңтар күні 10-11 сынып арасындағы мектепшілік футбол жарысы өтті. Жеңімпаз оқушылар орындармен марапатталды. Ұйымдастырушы дене пәні мұғалімі: Б.Сагынбаев
І орын 11 "А"
ІІ орын 11 "Ә"
ІІІ орын 10 "Б"
12.01.19ж күні мектебіміздің сынып жетекшілерімен, "Тәрбиелік шараларды тиімді өткізудің заманауи формалары" тақырыбында тренинг - сабағы өткізілді. Тренинг барысында психологиялық ахуал арқылы тәрбиенің түрлерімен топқа бөлініп, мектеп өміріне ата-аналарды қатыстырудың заманауи формаларымен таныстырылды. Сонымен қатар тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастырудағы кедергілер мен нәтижелер туралы ой қозғалып, тәжірибе алмасты, Ұйымдастырған: ДТЖО Г.Келешова, Ж.Шайкова.