Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің

"№7 жалпы білім
беретін мектеп"

коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   

+7 (7292) 31 89 12
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,

Атамекен ауылы

2050 kz   adilet2kz   akorda kz   ban01 kz   ban02 kz       

Меню

Ауа райы

  Ақтау
 
 

pogoda

14.07.22 1

Мобильное приложение для родителей

Разработано для родителей с целью предоставления им возможность отслеживания успеваемости своего ребенка в школе

Play Market App Store

 14.07.22 2

Мобильное приложение для учителей

Разработано для учителей с целью предоставить им возможность управлять учебно-образовательным процессом в школе

Play Market App Store

logo new

TopIQ – современные цифровые учебники

Познакомьтесь с примерами заданий и анимацией.

https://topiq.kz/ru 

 

08.01.2019 жыл күні оқушылардың қысқы демалысын тиімді пайдалану мақсатында «Адал Ұрпақ» үйірмесінің жетекшісі Ж.Туретаеваның ұйымдастыруымен «Жемқорлықсыз болашақ» атты КТК сайысы өткізілді. Сайыста 7-9 сынып оқушыларынан 3 команда қатысты. Сайыс тақырыпқа сай, әділ әрі тартысты өтті. Әділ қазылар алқасының мүшелері «Адал Ұрпақ» үйірмесінің жетекшісі Ж.Туретаева, қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі А.Шаханова, математика пәні мұғалімі А.Хабай және Облыстық КТК ойындарының 3-орын жүлдегері Юпитер құрамасының капитаны А.Қияқбай.

16.12.18 күні Тәуелсіздік күніне орай 9-10 сыныптар арасында футбол және волейбол жарыстары өткізілді.10-шы сынып оқушылары I орынға, ал 9 сынып оқушылары II орынға ие болды.

15.12.18 күні "Ел ертеңі-салауатты ұрпақ" атты көңілді старт эстафеталық жарысы өтті. Жарысқа мектеп мұғалімдері мен кіші қызметкерлерден құралған 7 топ қатысты.

14.12.18 күні оқушыларға патриоттық сезімін ұялату, туған жерге деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында 7 сыныптар арасында "Тәуелсіздік тұғырым" атты танымдық сайысы өткізілді. Сайысқа барлық 7-сыныптар қатысты.

14.12.2018 күні 16-желтоқсан Тәуелсіздік күні қарсаңында "Жасай бер, Тәуелсіз Қазақстаным!" атты мерекелік шара өткізілді. Облыстық, аудандық іс-шараларға белсене қатысқан оқушылар мен ұстаздар Аудандық білім бөлімінің басшысының, Атамекен ауылдық село әкімінің және мектепішілік алғыс хаттармен марапатталды. Шара концерттік бағдарламамен жалғасты.

Бүгін мектебімізде оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жетістіктерімен таныстыру, оларды өз отанын сүюге, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу мақсатында 2 "г", 3 "г" және 4"ж"сыныптарында "Жасай бер, Тәуелсіз Қазақстан", "Тәуелсіздіктің таңы атқан күн" тақырыптарында ашық тәрбие сағаттары өтті. Жетекшілері: Нургалиева Салтанат, Биранова Тынышкул, Карибаева Жанайым.

08.12.2018 ж күні 9 "б" сыныбынды жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ұлттық салт дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру, әкеге деген бала махаббатын ояту мақсатында "Әке-бәйтерек, бала-жапырақ" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай 2004-2006 жылғы ұлдар мен қыздар арасында Атамекен ауылдың әкімдігінің ұйымдастыруымен тоғызқұмалақтан жарыс өткізілді.

Мектебіміздің мектепалды даярлық сыныптары арасында "Армысың, Алтын күз!" ертеңгіліктері өткізілді. Ертеңгіліктер талапқа сай безендіріліп, ән-би, көріністер көрсетумен ата-аналарды тәнті етті. Ертеңгілікке ДТЖО Г.Келешова мен пед.ұйымдастырушы Тураева Г. және мектепалды даярлық сыныптарының ата-аналары қатысты.

Қазанның 24-і күні кәмелетке толмағандар арасында қылмыстық құқық бұзушылыққа жол бермеу мақсатында 3-4-сынып оқушыларына "Мен - тәртіпті баламын" тақырыбында түсінік жұмыстары жүргізілді.

24 қазанда тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Танатарованың ұйымдастыруымен «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекеті» жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы аясында дәстүрлі емес діни ағымдарға кіруді болдырмау мақсатында түсінік жұмысы жүргізілді. Жиналысқа мұғалімдер, кіші қызметкерлер, күзетшілер және де 5-11-сынып оқушылары қатысты.

23 қазанда кәмелетке толмағандар арасында қылмыстық құқық бұзушылыққа жол бермеу мақсатында 5-11 сынып оқушыларымен кездесу өтті

Бүгін мектебімізде 9 "ғ" және "в" сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен "Ұстаз жолы-ұлы жол" және "Мектеп білім тірегі, Ұстаз оның жүрегі" атты ашық тәрбие сағаттары өтті.

Қазанның 13-і күні "Күзгі бал - 2018" байқауы өткізілді. Байқауға 10-сынып оқушылары қатысты. 10 "А" сынып оқушылары бас жүлдені иеленіп, ауданға жолдама алды.

26.09.-05.10.2018ж күндері аралығында ұстаздар күніне арналған "Ұстаз аты мәңгілік, жадымда қалар жаңғырып" онкүндігі аясында мұғалімдер арасында волейболдан жарыс өткізілді. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

26.09.-05.10.2018ж күндері аралығында ұстаздар күніне арналған "Ұстаз аты мәңгілік, жадымда қалар жаңғырып" онкүндігі аясында мұғалімдер арасында волейболдан жарыс өткізілді. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

«№7 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-сінде 1-қыркүйек Білім күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауына арналады. Аудандық маслихат хатшысы Назар Бердібек Ізтлеуұлы, Атамекен ауылдық округі әкімі Ибрагимов Ескендір Қожович, Мұнайлы аудандық білім үйлестіру орталығының әдіскері Иманкулова Маншұк Жақсылыққызы, сонымен бірге ауыл ақсақалдары, ата-аналар қатысты. 2018 – 2019 оқу жылының 1 қыркүйек күні 1 сынып оқушыларына «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбында, 2 – 4 сынып оқушыларына «Мен кішкентай патриотпын», 5-8 сынып оқушыларына «Мен – өз елімнің патриотымын», 9-10 сынып оқушыларына «Патриотизм – ұлттық рухтың асқақ белгісі», 11 сынып оқушыларына «Астана менің жүрегім» тақырыптарында алғашқы сынып сағаттары өткізілді. Биылғы оқу жылында болашаққа деген зор үмітпен, мектеп табалдырығын аттаған 1 сыныптарымыз – 250 оқушы болса, алтын ұя мектебіндегі қимас шақтарымен қоштасып, үлкен өмірге қанат қомдап ұшқалы отырған 11 сыныптарымыз 2 сынып, 52 түлегіміз бар.

12.04.2018 ж. күні «№7 жалпы білім беру орта мектебі» КММ – сінде 6-11 сынып оқушыларына «Телефон арқылы жалған ақпарат беру және хабарлама таратудың алдын алу» тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиналысқа сынып жетекшілер, пән мұғалімдері, кіші қызметкерлер, ата – аналар қатысты. Жиналыстың басты мақсаты: телефон арқылы «Терроризм актісі» туралы жалған ақпарат беру және хабарлама таратудың алдын алу. Жиналысты мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д. Танатарова ашты. 1 мәселе бойынша Д.Танатарова «Террористік актілерді болдырмау үшін не істеу керек» тақырыбындағы баяндамасын таныстырып өтті. Телефон арқылы жалған ақпарат беру және хабарлама таратудың алдын алу туралы АӘД пәні мұғалімі С.Утибаев түсіндіріп өтті. Түсінік жұмысынан кейін оқушылар, сынып жетекшілер, ата – аналарға «Радикалды ағымдардың таралуы», «Ақпарат құралдары», «Телефондық лаңкестік» туралы бейнероликтер көрсетілді. Шаруашылық ісі меңгерушісі Т.Қайнаров Төтенше жағдай болған кезде мектеп ұжымы, оқушылардың іс – қимылы туралы айтып өтті. Оқушыларға «Терроризм» ұғымын олардың ойлау деңгейіне сәйкес түсіндірді. Жалғыз машинаға отырмауды, біреудің «кәмпит, не шоколад беремін» деуіне алданбауды, террористердің қауіпті екенін түсіндірді. Олардың барлық нәрсеге баратынын айтты. Тәлімгер Ж.Төретаева оқушыларға, ата – аналарға, мұғалімдерге «Памятка о правилах поведения при возникновении угрозы или совершении акта терроризма» жөніндегі халыққа арналған жадынаманы таратты. Қатысқан оқушы саны: 877, 40 мұғалім, 10 кіші қызметкер, 8 ата – ана.

22-наурыз мерекесіне орай «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын» тақырыбында сурет және қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен ұлттық ойын тоғызқұмалақ ойынынан сайыс өткізілді.

1-11 сынып оқушыларына «Қош келдің, әз Наурыз!», «Төрлет, құтты Жаңа жыл!», «Кел төрле, мейірлі Наурыз!», «Жаса, жайдары Наурыз», «Ұлыс оң болсын!», т.б тақырыптарында тәрбие сағаттары өткізілді.

«Наурыз жыл басы!» тақырыбында мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мерекелік шараға 9-10 сынып оқушылары қатысты. Концерт аясында әр ауыл өз өнерлері мен ұлттық салт-дәстүрден көріністер көрсетіп, ұлттық ойындар ойналып, ұлттық тағамдарды ұсынылды.

Сонымен қатар мектеп мұғалімдері арасында «Әжелер»тобы ән айтты.

Мақсаты: Оқушыларды үлкенге құрмет, кішіге іззет көрсетуге, салт-дәстүрді санасына тоқытып, бір-біріне деген сый-құрметін арттыру.

Амал мерекесі бұл елдің аман-сау бір-бірімен қауышқандығын, кешірімділігін, сонымен бірге ел бірлігі, ең басты тақырыбы – елдің бірлігін көрсетеді.

Мереке мектеп көлемінде кеңінен тойланды. Таңертең есік алдынан келген адамдарды домбырашылар күймен, оқушы қыздар ыстық бауырсақпен күтіп алды. Оқушылар және мұғалімдер ұлттық киім киіп, бір бірімен көрісе амандасты. Мектеп өнерпаздарының ұйымдастыруымен «Амал келді–жыл келді» атты мерекелік концерт болды.