«Рақмет, Сізге ұстаз!» атты 1 және 5 сынып ата-аналар мен сынып жетекшілеріне психологиялық тренинг өткізілді.
Тренинг мақсаты ата-аналардың және сынып жетекшілердің біріккен жұмысын нығайта отырып, ұстаздарға алғыс білдіру.
Барысы:
1. Танысу тренинг. «Менің бойымдағы ең жақсы қасиетім» Әр қатысушы өзінің жақсы қасиеті мен есімін байланыстырып айтады. Ең ерекшелігі өз есімін айтар алдында барлық қатысушы есімін сағат тілімен қайталап соңында өз есімін айтады.
2. 1-сынып Керн –Йирасек тесті және 5-сынып Лусканова тесті алынып, оның нәтижесі туралы ата-ана мен сынып жетекшілерге түсінік берілді.
3. Жоба қорғау барысында берілген суретке байланысты ата-ана тобы ұстазға алғыс білдіріп, ал сынып жетекшілер тобы ата-ана-оқушы- ұстаз осы үштік одақты жандандыру туралы ой – қозғау жұмысы жүргізілді.
4. «Үйшік- қонжық» ойынына қатыстырылды. Мақсаты әр оқушыға ата-ана мен ұстаз жақсы шатыр бола білсе, балаға ешқандай қауіп төнбейтінін ойын түрінде түсіндіру.
5. «Ұстазым менің ұстазым» әні бірге орындап, кері байланыс алынып теренингті Келешова Г. сөзімен аяқтадық.




