Разработано для родителей с целью предоставления им возможность отслеживания успеваемости своего ребенка в школе
Разработано для учителей с целью предоставить им возможность управлять учебно-образовательным процессом в школе
Познакомьтесь с примерами заданий и анимацией.
Аутодеструктивті мінез құлықтың алдын алу мақсатында «Өмірге «ИӘ» деп айт!» тақырыбында психологиялық онкүндік аясында 5-сынып оқушылары арасында «Мен өмірге құштармын!» атты сурет салу жұмыстары жүргізіледі.
04.01.2025ж <<Өмірге иа деп айт>> он күндік аясында оқушылардың көңіл күйін игеруге және басқаруға, қадағалауға тәрбиелеу мақсатында тренинг жүргізілді.
Мектебімізде 2023 жылдың ақпан айындағы «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» атты жалпыұлттық мәдени – білім беру жобасының іс-шаралар жоспарына сәйкес, мектеп пәндерін оқуға оқушылардың қызығушылықтарын арттыруға және де дарынды оқушыларды анықтауға ықпал ететін жалпы білім беретін пәндер бойынша пәндік олимпиадалар жарысының аудандық кезеңінен жүлделі орын алған оқушылардың ата-аналарына мектеп педагог-психологтары Ата-аналардың жан дүниесіндегі жақсы қасиеттерін жетілдіру және де ана ның балаға деген сенімін нығайту мақсатында мектеп мақтаныштары болған оқушылардың ата-аналарына «Ата-ана мен бала» атты тренингтер өткізілді.
2023 жылдың 4- қаңтар күні мектеп психологтары II тоқсанның қысқы демалыс қарсаңында мұғалімдерге "Өзіңді жақсы көр" тақырыбында тренинг өткізді.
20-қараша - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, "Бала құқығы - адам құқығы" республикалық онкүндікті мектепішілік деңгейде өткізу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес "Заң және жасөспірім" тақырыбында мектепішілік әкелермен кездесу болып өтті. Кездесу барысында мектеп психологы Қартбаева Г. Мұрат А. әкелерге тренинг өткізді. Тәрбие жөніндегі орынбасар Жарасбаева Ұ. Бала құқығы туралы конвенцияға тоқталып, мектептегі оқушының тәртібі туралы сөз қозғады. Мұнайлы ауданы ПБ ЖПҚБ КТІЖ УПИ полиция капитаны Н.Ж.Елжанов, КТІЖ УПИ полиция капитаны Р.Дурмеков бала құқығы,бала жауапкершiлiгiнiң ерекшелiктерi туралы сұрақтарға жауап беріп, әкелермен ашық сұхбаттасты. 7 "В" сынып оқушысы Сарсенбай Ерболдың әке туралы әсерлі әнімен кездесуіміз аяқталды.
Қазан айының 01-күні Халықаралық PISA зерттеуіне қатысатын оқушыларға оқу барысында алған білімдері мен дағдыларын түрлі өмірлік жағдайларда қолдана білу машықтарын анықтау мақсатында өзара бірлесе жұмыс істеу жəне бір-бірлерін тыңдай алу қаблеттерін дамыту, жағымды ахуал қалыптастыру алғаны бағытында мектеп педагог-психологтары тренинг жаттығулар өткізді.
2022 оқу жылында "Кәсіптік бағдар беру" бағдарламасы бойынша 9-10 сынып оқушыларына "Мамандықтар әлемі" атты қоғамға қажетті түрлі мамандықтардың қыр - сырын ұғындыра отырып, мамандық таңдаудауына бағыт-бағдар берілді. Жиналыс барысында оқушыларға слайд арқылы түрлі мамандықтармен таныстыру жүргізілді.
Семинарға аудан білім беру ұйымдарынан арнайы мамандар, педагог-психологтар, медбикелер, әлеуметтік педагогтар қатысты.
Семинар мақсаты: "Шектеусіз мүмкіндіктерге бастар жол" жобасының жол картасының жүзеге асуын қамтамасыз ете отырып, білім беру ұйымдарындағы оқушыларды оқытуда және дамытудағы мәселелерді шешу, психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мамандары мен білім беру процесі қатысушыларының өзара қызметінің жүзеге асырылуын қадағалай отырып, әдістемелік көмек беру;
Өз іс-тәжірибесімен Ш.Мұңалұлы атындағы №5 мектептің педагог-психологі А.Джайлханова, №8 мектептің арнайы логопед маманы А.Аханова, №7 мектептің педагог-психологі Г.Қартбаева бөлісіп, мектептегі педагогикалық-психологиялық консилум жұмысы және құжаттары, жалпы консилумның білім беру үдерісіне әсері туралы тоқталды.
Сонымен қатар Маңғыстау облысының білім басқармасының №2 аймақтық психологиялық- медициналық- педагогикалық консультациясы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі Каниева Жумагүль Хайроллаевна ПМПК жұмысының ұйымдастырылуы туралы айтып өтіп, мектеп мамандарын ПМПК мен тығыз байланыста жұмыс жасауға шақырды.
Семинарға қатысушылар сұрақтарға жауап алып, ұсыныстар мен пікірлерін білдірді.
05.04.2019 жыл күні 1 «Г» сынып жетекшісі Иманбаева Жеңісгул оқушылар арасында «Қандай азық-түліктер пайдалы?» байқауын ұйымдастырды. Ондағы мақсаты Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, тамақтану сауаттылығының бес негізін, тамақтану тәртібін, тамақтану мәдениетін ,ойлау қабілетін, ой-өрісін, дамыту; Жеке бас тазалығын сақтау, салауатты өмір салтын ұстануды қалыптастыру болды.
Сынып оқушылары өте белсенді қатысып, өнерлеріменде бөлісті. Жеңімпаздар марапатталды.
Қатысқандар: Мектеп мұғалімдері, ДТЖО Келешова Г, әлеуметтік педагог Джангалиева Г.
27.10.2018ж. күні "Ерте жүктіліктің алдын алу, құқық бұзушылықтың алдын алу" тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиналысты "Бәйшешек" фондының директоры Сақтағанова Алтын Сарсеновна жəне облыстық оқу-әдістемелік жəне қосымша білім беру орталығының әдіскері Назарова Дариға жүргізді. Жиналысқа ДТЖО Д.Танатарова, мектеп психологі Г.Қартбаева және 5-11-сынып қыз балаларының ата-аналары қатысты.
24 қазанда мектебіміздің 5-сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен "Қайырымдылық-жылы жүректен" атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. 5-сынып оқушыларның ата-аналары аз қамтылған отбасыға қолдау көрсетіп, игі іс жасады. Қатысқандар: мектеп мұғалімдері, ДТЖО, мектеп психологы, әлеуметтік педагог және 5 сынып жетекшілері мен ата-аналары.