Семинарға аудан білім беру ұйымдарынан арнайы мамандар, педагог-психологтар, медбикелер, әлеуметтік педагогтар қатысты.
Семинар мақсаты: "Шектеусіз мүмкіндіктерге бастар жол" жобасының жол картасының жүзеге асуын қамтамасыз ете отырып, білім беру ұйымдарындағы оқушыларды оқытуда және дамытудағы мәселелерді шешу, психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мамандары мен білім беру процесі қатысушыларының өзара қызметінің жүзеге асырылуын қадағалай отырып, әдістемелік көмек беру;
Өз іс-тәжірибесімен Ш.Мұңалұлы атындағы №5 мектептің педагог-психологі А.Джайлханова, №8 мектептің арнайы логопед маманы А.Аханова, №7 мектептің педагог-психологі Г.Қартбаева бөлісіп, мектептегі педагогикалық-психологиялық консилум жұмысы және құжаттары, жалпы консилумның білім беру үдерісіне әсері туралы тоқталды.
Сонымен қатар Маңғыстау облысының білім басқармасының №2 аймақтық психологиялық- медициналық- педагогикалық консультациясы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі Каниева Жумагүль Хайроллаевна ПМПК жұмысының ұйымдастырылуы туралы айтып өтіп, мектеп мамандарын ПМПК мен тығыз байланыста жұмыс жасауға шақырды.
Семинарға қатысушылар сұрақтарға жауап алып, ұсыныстар мен пікірлерін білдірді.