Public utility institution

General educational high
school №7

  +7 (7292) 31 89 12
Mangystau region, Munaily district, village Atameken
 

Menu

Weather

  Aktau
 
 

pogoda

14.07.22 1

Мобильное приложение для родителей

Разработано для родителей с целью предоставления им возможность отслеживания успеваемости своего ребенка в школе

Play Market App Store

 14.07.22 2

Мобильное приложение для учителей

Разработано для учителей с целью предоставить им возможность управлять учебно-образовательным процессом в школе

Play Market App Store

logo new

TopIQ – современные цифровые учебники

Познакомьтесь с примерами заданий и анимацией.

https://topiq.kz/ru 

 

"Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн" республикалық науқаны аясында 28.11.2024ж күні мектептің әлеуметтік педагогы Джангалиева Гулнұр сынып жетекшілерге "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" тақырыбында семинар тренинг өткізді. Семинарға бастауыш, орта буын және жоғарғы сынып жетекшілері қатысты. Жұмыс барысында қатысушылар түрлі әдіс-тәсілдер арқылы бала тәрбиесінде кездесетін кедергілер мен қиындықтарды шешу жолдарымен жұмыстанды.
Семинар тренингтің мақсаты: сынып жетекшілердің ата-аналармен тығыз байланыста болып, бала тәрбиесінде бірлесе жұмыс жасауға шақыру. Бала тәрбиесінде ұстаз бен ата-ана рөлін ұштастыра білу болды.
 
28.11 күні 2-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының “Зерде” республикалық конкурсының мектепішілік кезеңі болып өтті.
Мектепішілік кезең қорытындыланып, I орын алған жобалар аудандық кезеңге жолдама алды.
gy gyl gyly gylym gylymi gylymii

Бүгін 20.10.2023ж. күні мектепте мектепішілік математика- жаратылыстану пәндері мұғалімдерінің олимпиадасы өтті. Олимпиадаға 5 пәннен 27 мұғалім қатысты. Олимпиадада портфолио, жетістік қаралды және олимпиадалық 5 есептен берілді. Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орын алған мұғалімдер аудандық кезеңге жолдама алатын болады.

106 107

Мұнайлы ауданы бойынша кәмелетке толмағандар арасында қылмыстық құқықбұзушылыққа жол бермеу, суицидтің, ерте жүктілік пен жыныстық тиіспеушіліктің, зорлық - зомбылықтың, діни экстремизм мен жастардың түрлі діни ағымдардың қатарына еніп кетуінің алдын - алу, су айдындарындағы қауіпсіздікті қастамасыз ету, сонымен қатар оқу жылының аяқталуы, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында еркін форматта оқушылармен кездесу өткізілді.
Айтулы шараға Мұнайлы ауданы білім бөлімінің бас маманы Ш.Жасанова, Мұнайлы ауданы ЮПТ аға инспекторы Ж.Сарбасова, Мұнайлы ауданы бойынша теолог маман Т.Махмудов, Атамекен селолық округі әкімінің орынбасары А.Қалымов және мектеп директоры К.Нурбаева мен мұғалімдер, мектеп оқушылары қатысты.
Бұл кездесудегі басты қонақ болып оқушылармен еркін форматта сұхбат жүргізу үшін түбекті төрткүл дүниеге танытқан дзюдодан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Еуропа және Азия чемпионы Имашев Айбек Әсетұлы қатысты.
Шараның басты мақсаты аталып өтіп, спикерлер тақырып аясында маңызды ақпараттарды айтып өтті. Қатысушы қонақтарға оқушылар тарапынан сұрақтар қойылды. Екі бөлімнен тұратын шарада Айбек Имашевтың кіші буынға үлгі ретінде қызмет жолы, спортқа қалай келгендігі туралы, патриотизм, ұлтжандылық пен Отансүйгіштік қасиеттері туралы айтылды.
“Жігітке жеті өнерде аз” демекші, Имашев Айбекті мектеп оқушылары басқа қырынан тани түсті. Қазақ әдебиеті мен қазақтың төл айтыс өнері туралы да сөз қозғалды. А.Имашев оқушыларды білімді, саналы, жан - жақты болуға шақырды.
Мектебіміздің биылғы түлегі, 11 - сынып оқушысы Махмуд Ерасыл Айбектей ағасына арнау өлең оқыды.
.
Мектебіміздің ӨӨБҰ - дағы фракция басшылары А.Имашевтан сұхбат алды.
Шара соңында оқушылар мамандарға сұрақтарын қойып, естелік суретке түсті
     20 21 22 23 24
2023 жылы 4 мамырда сағат 10:00-де мектебімізде "Еркін ел ұрпағы" атты жалпыұлттық патриоттық диктант өткізілді. Диктант жазуға мектебімізден мұғалімдер мен оқушылар және кіші қызметкерлер қатысты.
Диктанттың мақсаты:
Еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу.
Қазақстандықтардың мемлекеттік тілді білу деңгейлерін анықтау, мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, диктант мәтіні арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу.
  27 28 29 30
ТАЗА ТАБИҒАТ
№7 жалпы білім беретін мектеп ұжымы
“Таза табиғат” акциясына белсене атсалысты.
Бастауыш және жоғары сынып мұғалімдері, пән бірлестіктері тазалық жұмыстарын жүргізіп қана қоймай, абаттандыру жұмыстарын да жүргізді. Мектеп алдына, жанына бірнеше ағаштар мен гүлдерді отырғызды.
Мәртебелі мамандық иелері мұғалімдердің еккен ағаштары мен гүлдері жемісті болғай!
44 45 46 47 48
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ мамандары мектебіміздің 11-сынып оқушыларымен кездесті. Оқушыларға кәсіби бағдар беру-жас ұрпақты өсіруге ,оқытуға,тәрбиелеуге жетелейді. Кәсіптік бағдар беру бойынша жұмыс барысында оқушылар экономикалық ,педагогикалық білім беру бағдарламалар әлемімен танысты .Оқушылар қызығушылық танытқан білім беру бағдарламаларға қатысты,кеңестер берілді.
Кәсіби бағдар берудің басты мақсаты --оқушыларға оқыту бағытын және болашақ кәсіптік қызмет саласын таңдауда шешім қабылдауға қолдау көрсету.
Оқушыларға университет жайында мәлімет берілді,брошюралар таратылды.
 49 50 
13-сәуір күні мектебімізге Өскемен қаласынан АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІ келді.Мамандар өздерінің оқытатын мамандықтары жайында мәлімет берді .Сонымен қатар университетте әскери кафедра жұмыс істейтіндігі және оқушылардың қосымша әскери мамандық алып шығу мүмкіндігі бар екендігі туралы да қызықты да әсерлі етіп айтып өтті.
11-ші сынып оқушыларының үлкен қызығушылықтарын туғызды . Олар университетке қабылдау ережелері жайлы ,оқушыларды қызықтыратын мәселелер бойынша сұрақтарға жауап берді.Оқушылар мамандардан қанағаттанарлық жауаптар алды.Қорыта айтқанда, 11-ші сынып оқушылары арасында кәсіби бағдар бойынша өткізілген әңгімелер қызықты, әрі мазмұнды болды.
 53 54

12.04.2023ж күні" N 7 жалпы білім беретін мектеп"КММ 9-сынып оқушыларының қатысуымен КАСПИЙ ӨҢІРІ"БОЛАШАҚ"КОЛЛЕДЖ мамандарымен кездесу өткізілді.Мамандар өздерінің оқытатын мамандықтары жайында көп мәлімет беру мен бірге биылғы жылғы оқуға орналасудың ерекшеліктері жайына да біраз тоқталды.Оқушылар өздерін қызықтырған мамандық түрлеріне сәйкес сұрақтар қойды.

 56 55

 

“ЖАСЫЛ ҮЙ” челленджі
Наурыз айындағы іс - шаралар жоспарына сәйкес мектебіміздегі мұғалімдер мен оқушыларымыздың белсенді атсалысуының нәтижесінде мектеп ауласына ағаштар отырғызылды, тазалық жұмыстары жүргізілді.
  66 67 68
ЕКІ ЖҰЛДЫЗ ӘН БАЙҚАУЫ
Мектебімізде эстетикалық пәндер бірлестігінің апталығы аясында екі жұлдыз ән байқауы өткізілді.
Байқауға мұғалім мен оқушыдан бірлескен жұптар қатысты. Байқауға қатысушылар еркін тақырыпта, жанды дауыста әндерді орындады.
Байқаудың негізгі мақсаты - мұғалім мен оқушы арасындағы достық қарым - қатынасты нығайту, сахна мәдениетіне бейімдеу, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру болып табылады.
Байқау соңында қатысушылар марапатталып, бірлестік атынан дайындаған естелік сыйлықтарға ие болды. Сайыс жеңімпаздары, бас жүлде иегерлері “Екі жұлдыз” атанған биология пәнінің мұғалімі Утепбаева Раушан мен 4 - сынып оқушысы Мұстафа болды. Құттықтаймыз!
 85 86 87
ЖҮРЕКТЕН ШЫҚҚАН МЫҢ АЛҒЫС
1 - наурыз Алғыс айту күніне орай мектебімізде “Жүректен шыққан мың алғыс!” тақырыбында мерекелік кеш өткізілді. Бұл шараға Атамекен селолық округінің әкімі Қайнаров Ерлан Төребайұлы, мектеп директоры Нұрбаева Қансұлу Дүйсенқызы және мұғалімдер мен ата - аналар қатысты.
Концерттік бағдарлама басталмастан бұрын, екінші қабат дәлізінде 9 - сынып оқушыларының ұйымдастыруымен өзге ұлт өкілдерінің қазақ халқына ризашылық ниетін білдіру мақсатында құрметті қонақтарымыз ата - аналар мен мұғалімдерге арнап әр ұлт өкілдерінің ұлттық тағамдары қойылды.
Мерекелік кешімізде өзге ұлт өкілдерінің билері көрермен көпшілікке қойылды. Ән шырқалып, өлең оқылды. Қасиетті домбырамыз сахна төрінде күмбірледі, баянда да оқушымыз ойнады.
Барша қатысушы белсенді, талантты да дарынды оқушыларымыз бен құрметті қонақтарымызға, ұлағатты ұстаздарымызға үлкен АЛҒЫС айтамыз!
  94 95 96 97
МҰҒАЛІМДЕР МЕН АТА - АНАЛАР АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ
1 - наурыз Алғыс айту күніне орай ата - аналар мен мұғалімдер арасында волейболдан жарыс өткізді. Жарыстың негізгі мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, мектеп пен ата - ана арасында ынтымақтастықты нығайту болып табылады.
Жарысқа барлығы ата - аналар мен мұғалімдерден құралған ”Мектебім”, “Ерекше”, “Бірлік”, “Достық” командалары қатысты.
Уақыттарын бөліп атсалысқан ата - аналарымызға ерекше рақмет айтамыз!
Алдағы уақытта өзге де спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылатындығын қаперлеріңізге береміз!
104 105 106 107 108
"Тілші мұғалім-2023" олимпиадасының 2-туры өткізілді. Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінен 18 мұғалім қатысты. Мұғалімдер өздерінің педагогикалық идеяларын ұсынды. Әлілқазылар алқасының шешімімен қортынды жасалды.
Қазақ тілі пәні бойынша:
1-орын Шамуратова Р. 39 ұпай.
2-орын Эсетова Қ. 38 ұпай
3-орын Байманова А. 31 ұпай
3-орын Кемалова С. 29 ұпай
3-орын Базарова Қ. 28 ұпай.
3-орын Қалмуратова А. 26 ұпай
Орыс тілі пәні бойынша
1-орын Танатарова Д. 43 ұпай
2-орын Махатова Т. 36 ұпай.
2-орын Сейтенова Ш. 34 ұпай
3-орын Рахметова Г. 31 ұпай
3-орын Кармаганбетова Л. 29 ұпай
Ағылшын тілі пәні бойынша
1-орын Юсупова Н. 96 ұпай
2-орын Шүкірбаева А. 79 ұпай
3-орын Камалова А. 59 ұпай
3-орын Омриузакова М. 44 ұпай
Аудандық кезеңге жолдама алған Шамуратова Р.
Танатарова Д.
Юсупова Н. әріптестерімізге
Сәттілік тілей отырып, сенім білдіреміз!!!
  191 192 193 194 195

Бүгін 20.01.2023 ж. күні Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің 17.01.2023ж. 15-бұйрығы негізінде мектепішілік "Тілші мұғалімдер-2023" олимпиадасының 1 туры өтті. Олимпиадаға қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінің барлық мұғалімдері қатысты. Олимпиада өткізу ережесіне сай белгіленген уақытқа сай, критерийлер бойынша ұпаймен бағаланды. Қорытындысы бойынша 1-кезеңнен жоғары ұпай алған мұғалімдер 2- турға өтті.

  196196 197 198 199 200

15.12.2022 жылы мектебімізде Тәуелсіздік мерекесіне орай мұғалімдер арасында «Тұғыры биік - Тәуелсіздік» тақырыбында көркемсөз оқу байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты:
Ұстаздар арасынан шығармашыл тұлғаларды анықтау;
Тәуелсіздік туралы ақын-жазушылардың шығармаларын мәнерлеп оқу; Тәуелсіздік күніне арналған арнауларын оқу.
​Байқауға бастауыш сынып мұғалімі Жуманова Гулия, қазақ тілі мен әдебиеті пәні Қалдыбаева Ақзия, ағылшын тілі пәні мұғалімі Утешова Улмаш, математика пәні мұғалімі Әбдірхан Салтанат, биология пәні мұғалімі Утепбаев Раушан, физика пәні мұғалімі Бердихан Хазина қатысты. Байқауға бастауыш сынып мұғалімі Биранова Тынышгүл, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Калмуратова Айнұр, Санбаева Гүлжайна әділқазылық жасады. Сайыс соңында әділқазылар шешімімен қатысушылар арасынан жеңімпаздар анықталып, маратталды.
І орын Жуманова Гулия
ІІ орын Бердіхан Хазина
ІІ орын Утепбаева Раушан
ІІІ орын Әбдірхан Салтанат
«Шығармашыл ұстаз» номинациясымен ағылшын тілі мұғалімі Утешова Улмаш және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қалдыбаева Ақзия.
 211 212 213 214 215

Кәсіптік бағыт бағдар беру жоспары бойынша 11 сынып оқушыларына "Шахмардан Есенов" атындағы мемлекеттік технологиялар және инжинеринг Балекова Ақнұр Аманбековна "Энергетика және автоматтандыру" кафедрасының аға оқытушысы және Альбина Әділбекқызы қазақ әдебиеті мамандығының белсенді студенті оқу орнының ерекшеліктерімен университетте оқытылатын мамандық түрлерімен таныстырды. Университеттің арнайы оқу корпусы ,шеберханасы, жатақханасы бар екені туралы ақпараттар беріп өтті. Таныстыру барысында анкеталар толтырылып ,ойындар ойнатылды. Белсенді қатысқан оқушыларға өз сыйлықтарын тарту етті.

238

31.10.2022ж. мектебімізде “Құзыретті тұлға тәрбиелеудегі мектеп пен ата - ана арасындағы ынтымақтастық” тақырыбындағы мектепішілік сынып жетекшілерге арналған тренинг өткізілді. Тренинг барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ұ.Жарасбаева,жас мамандар Н.Әзімбаева мен М.Төребаева өз ісі тәжірибесімен бөлісу арқылы сынып жетекшілерге әдістемелік көмек көрсетті. Сонымен қатар директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Г.Келешова күзгі каникул кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында өтетін іс-шаралармен таныстырды.

255 256 257 258 259

“№7 жалпы білім беретін мектеп” КММ - де мектепішілік "Үздік сынып жетекші" байқауы өткізілді. 3 кезең тұратын мектепішілік байқауға мұғалімдер
-"Үміт"
-"Шеберлік шыңы"
-"Шоқ жұлдыз" аталымдары бойынша қатысты.
266 267 268 269

Қазан айының 11-і жұлдызында «Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай» жасақталған жоспары бойынша жасөспірім яғни 6,7,8 сынып қыздарына дәрігерлік кеңестер берілу мақсатында "ДЕНСАУЛЫҚ ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ" тақырыбында Атамекен ауыл емханасы әйелдер дәрігері Жанар Рамазановамен кездесу ұйымдастырылды. Дәрігер тарапынан оқушыларға денсаулыққа қажетті ақпараттар беріліп, кері байланыс жүргізілді.

311410173 1557622028027747 2515603582675730911 n 311414660 1557622031361080 2129780812363070808 n