2023 жылы 4 мамырда сағат 10:00-де мектебімізде "Еркін ел ұрпағы" атты жалпыұлттық патриоттық диктант өткізілді. Диктант жазуға мектебімізден мұғалімдер мен оқушылар және кіші қызметкерлер қатысты.
Диктанттың мақсаты:
Еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу.
Қазақстандықтардың мемлекеттік тілді білу деңгейлерін анықтау, мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, диктант мәтіні арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу.



