Разработано для родителей с целью предоставления им возможность отслеживания успеваемости своего ребенка в школе
Разработано для учителей с целью предоставить им возможность управлять учебно-образовательным процессом в школе
Познакомьтесь с примерами заданий и анимацией.
«№7 жалпы білім беретін мектеп» КММ Салауатты өмір салтын қалыптастыру және мектеп жасындағы қыз балалалардың арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында "Қызым сен тыңда..." тақырыбында 9-11 сыныптар арасында қыздар жиналысы өткізілді. Жиналысқа мектеп директоры Нурбаева Кансулу Дүйсеновна, ата-аналар комитетінің төрағасы Дарибаева Райхан Сұлтановна және "Мұнайлы қайырымды жандар" қайырымдылық қорының директоры, Мұнайлы ауданы бойынша қамқорлық кеңесінің төрайымы, Мұнайлы халық партиясы маслихатының орынбасары Базарбаева Самал Абайқызы,сонымен қатар мектеп директорларының тәрбие жөніндегі орынбасарлары Г.Келешова,У.Жарасбаева қатысты. Оқушылармен сауалдарына жауап алып,өз пікірлерімен бөлісті. Жиналыс жоғары деңгейде,нәтижелі аяқталды.
«№7 жалпы білім беретін мектеп» КММ- де Отбасы күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі» тақырыбында мектепішілік қыздар жиналысы болып өтті.
Мақсаты: қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс - қимыл, жүріс - тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан - жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани - адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту. Жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу.
№26 бұйрықты негізге ала отырып, мектеп формасын сақтауға шақыру.
Әдісі: пікірлесу, әңгімелесу, сұрақ - жауап, салыстыру.
10.02.2018ж күні БМСККО Атамекен директоры Джулдызова Ләззат, психолог Джамалова Гулимхан, гинеколог Жүсіп Айжанның қатысуымен 7-8 сынып қыз балаларына қыздар жиналысы ұйымдастырылды. Жиналыста жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік пен қыздар гигиенасы туралы айтылды. Сонымен қатар ДТЖО Д.Таңатарова әлеуметтік желілердің зияны туралы да айтып өтті.
11.09.2017ж. күні қыздар жиналысы өткізілді. Жиналыста қыздардың тәртібі, сабаққа қатысы, мектеп формасы, жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын – алу, сенім жәшігі және сенім телефондары жайлы айтылды.
Қатысқандар: тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, «Қызғалдақ» ұйымының төрайымы Ғ.Рахимова, мектеп педагог – психологтары Г.Қартбаева, А.Мұрат, 6 – 11 сынып оқушылары, 6 – 11 сынып жетекшілері, мектеп медбикесі Ж.Далибаева.
12.10.2017 ж. күні №7 орта мектепте «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында қыздар жиналысы өтті. жиналысқаБМСККО Атамекен психологы Г.Жамалова, дәрігер С.Нурсултанова, гинеколог Г.Джанахметова қатысты. Гинеколог Г.Джанахметова «Ерте жүктілік және оның алдын алу» тақырыбында баяндама оқыды.
Қатысқандар: тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, «Қызғалдақ» ұйымының төрайымы Ғ.Рахимова, мектеп педагог – психологтары Г.Қартбаева, А.Мұрат, 6 – 11 сынып оқушылары, 6 – 11 сынып жетекшілері, мектеп медбикесі Ж.Далибаева.
20.10.2017 ж. күні қыздар жиналысы өткізілді. Жиналыста қыз балалардың жеке гигиенасы, достармен және құрбылармен күнделікті қарым – қатынаста жаман әдеттерден аулақ болу қағидалары туралы айтылды.
Қатысқандар: тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, «Қызғалдақ» ұйымының төрайымы Ғ.Рахимова, мектеп педагог – психологтары Г.Қартбаева, А.Мұрат, 6 – 11 сынып оқушылары, 6 – 11 сынып жетекшілері, мектеп медбикесі Ж.Далибаева.
16.11.2017ж. күні қыздар жиналысы өткізілді. Қыздар жиналысында қыздардың тәртібі, сабаққа қатысы, мектеп формасы туралы айтылды. «Қызғалдақ» ұйымының төрайымы Ғ.Рахимова «Қызға қырық үйден тыю» тақырыбында баяндама оқыды.
Қатысқандар: тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, «Қызғалдақ» ұйымының төрайымы Ғ.Рахимова, мектеп педагог – психологтары Г.Қартбаева, А.Мұрат, 6 – 11 сынып оқушылары, 6 – 11 сынып жетекшілері, мектеп медбикесі Ж.Далибаева.
5. 04.12.2017ж. күні «Мұнайлы аудандық Азаматтық бастамасы» қоғамдық бірлестігінің жоба жетекшісі төрайымы Айтолған Қошжанованың қатысуымен қыздар жиналысы өткізілді. Жиналыста қыздардың тәртібі, сабаққа қатысы, мектеп формасы, ерте жүктіліктің алдын алу және оның зардаптары және сенім телефоны және сенім жәшігі туралы айтылды. «Қазақ қызы қандай болуы керек?» тақырыбында бейнеролик көрсетілді. Қыздар өз пікірлерімен бөлісті.
Қатысқандар: ДТЖО Д.Танатарова, педұйымдастырушы Ж.Жарылғасова, «Қызғалдақ» ұйымының төрайымы Ғ.Рахимова, мектеп психологтары Г.Қартбаева, А.Мұрат, «Мұнайлы аудандық Азаматтық бастамасы» қоғамдық бірлестігінің жоба жетекшісі төрайымы Айтолған Қошжанова, 9-11 сынып қыз балалары – 160, сынып жетекшілер