Мұнайлы ауданы бойынша кәмелетке толмағандар арасында қылмыстық құқықбұзушылыққа жол бермеу, суицидтің, ерте жүктілік пен жыныстық тиіспеушіліктің, зорлық - зомбылықтың, діни экстремизм мен жастардың түрлі діни ағымдардың қатарына еніп кетуінің алдын - алу, су айдындарындағы қауіпсіздікті қастамасыз ету, сонымен қатар оқу жылының аяқталуы, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында еркін форматта оқушылармен кездесу өткізілді.
Бұл кездесудегі басты қонақ болып оқушылармен еркін форматта сұхбат жүргізу үшін түбекті төрткүл дүниеге танытқан дзюдодан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Еуропа және Азия чемпионы Имашев Айбек Әсетұлы қатысты.
Шараның басты мақсаты аталып өтіп, спикерлер тақырып аясында маңызды ақпараттарды айтып өтті. Қатысушы қонақтарға оқушылар тарапынан сұрақтар қойылды. Екі бөлімнен тұратын шарада Айбек Имашевтың кіші буынға үлгі ретінде қызмет жолы, спортқа қалай келгендігі туралы, патриотизм, ұлтжандылық пен Отансүйгіштік қасиеттері туралы айтылды.
“Жігітке жеті өнерде аз” демекші, Имашев Айбекті мектеп оқушылары басқа қырынан тани түсті. Қазақ әдебиеті мен қазақтың төл айтыс өнері туралы да сөз қозғалды. А.Имашев оқушыларды білімді, саналы, жан - жақты болуға шақырды.
Мектебіміздің биылғы түлегі, 11 - сынып оқушысы Махмуд Ерасыл Айбектей ағасына арнау өлең оқыды.
.
Мектебіміздің ӨӨБҰ - дағы фракция басшылары А.Имашевтан сұхбат алды.
Шара соңында оқушылар мамандарға сұрақтарын қойып, естелік суретке түсті




