Коммунальное государственное учреждение

Средняя школа общего
образования №7

20/06/2025  Пятница
    +7 (7292) 31 89 12
Мангистауская область, Мунайлинский район, село Атамекен
 

Меню

Погода

  Актау  
 

pogoda

14.07.22 1

Мобильное приложение для родителей

Разработано для родителей с целью предоставления им возможность отслеживания успеваемости своего ребенка в школе

Play Market App Store

 14.07.22 2

Мобильное приложение для учителей

Разработано для учителей с целью предоставить им возможность управлять учебно-образовательным процессом в школе

Play Market App Store

logo new

TopIQ – современные цифровые учебники

Познакомьтесь с примерами заданий и анимацией.

https://topiq.kz/ru 

 

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕТІСТІК 

2-4 сынып оқушылары арасындағы XVI «Бастау» республикалық математикалық олимпиадасының жеке сынақ бойынша жүлдегері мектебіміздің 4-сынып оқушысы Яхияев Бауыржан жүлделі ІІІ ОРЫН иеленгенін қуанышпен хабарлаймыз!

Жетекшісі: Келешова Гульсун Мухаммадовна

Оқушымызды жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! 

бааааа  WhatsApp Image 2023 06 27 at 13.42.16


 

ОБЛЫСТЫҚ ЖЕТІСТІК

17 мамыр күні Ақтау қаласындағы түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын облыстық мамандандырылған мектеп-интернат базасында 2-4 сынып оқушылары арасындағы XVI «Бастау» республикалық математикалық турнирінің облыстық кезеңі болып өтті. Турнирге қатысқан Мұнайлы командасы жеңімпаз атaнып, республикалық кезеңге жолдама алды.

Команда құрамында:

Мектебіміздің 4-сынып оқушысы Яхияев Бауыржан бар.

Жетекшісі: Келешова Г.М

Оқушымызды бүгінгі жеңісімен құттықтай отырып, республикалық кезеңге сәттілік тілейміз!!!

  Бауыржагн бауыр бау

ОБЛЫСТЫҚ ЖЕТІСТІК

"Жарқын болашақ" республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңінде "Білгірлер байқауы" бағыты бойынша ІІІ орынға ие болған 7 "В" сынып оқушысы Маткерім Каусар

Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Калдыбаева Агзия

Құттықтаймыз!

342988524 785830029560126 5314904226354699410 n

Волейболдан 2007-2009, 2010-2011 ж.т ұлдар және қыздар Мұнайлы ауданы лигасында І ОРЫН, ІІІ ОРЫН алған №7 ЖББМ командасын құттықтаймыз!

Сонымен қатар, “Үздік пас беруші” номинациясымен Жұмабай Аружан, “Үздік шабуылшы” номинациясымен Избаганбетова Нұршат марапатталды

Жетекшісі: дене шынықтыру пәні мұғалімі Бекболатұлы Бақытжан

342996093 1026587144982619 2115899144613115198 n

Республикалық “Мағжан оқулары” ғылыми - шығармашылық байқауының “Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған” бағыты бойынша мектебіміздің жас ақыны, 11 - сынып оқушысы Махмуд Ерасыл І ОРЫНДЫ иеленді.

Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тағанова Ләззат

344819747 570508398482536 5858171163826809009 n

ОБЛЫСТЫҚ ЖЕТІСТІК

Пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінде 9/11-сынып аралығында Химия пәнінен 10"В"сынып оқушысы Исмайлов Рауан

ІІІ-орынға ие болды.

Жетекшісі: Қалымбетова Қалқа.

Шын жүректен құттықтаймыз!!!

332218278 3549029878755124 2476183371008537072 n      332322645 939741077019677 2320520197801814435 n

ОБЛЫСТЫҚ ЖЕТІСТІК

Облыстық "Тілші мұғалімдер" олимпиадасында мектебіміздің ағылшын тілі пәні мұғалімі жүлделі ІІ орынға ие болды.

ІІ орын  №7 мектептің мұғалімі Юсупова Нурдана Мухтаровна.

Әріптесімізді жүлделі орынымен шын жүректен құттықтаймын!

332694415 247427324281822 8975040552253050699 n    

Аудандық ағылшын тілі пәні мұғалімдері арасында жүзеге асырылған “Lingua Peak” жобасының қорытындысы бойынша мектебіміздің ағылшын тілі пәні мұғалімі АЙМУХАММЕДОВА ТОЙЖАН ИЛАМАНОВА жүлделі ІІ орынға ие болды.

Құттықтаймыз! 

332882385 871566124096825 1919737305301206117 n 332313113 946237120068834 7437440291665424748 n

МЕРГЕН АРУ - 2023

8 - наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай іс - шаралар жоспарына сәйкес аудандық жоғары сынып қыздары арасында “Мерген ару - 2023” байқауы ұйымдастырылды. Мектебіміздің 10 - сынып қыздарынан құралған команда жүлделі ІІІ орынды иеленді.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 

334518485 1179661212734049 2144374625458398073 n

Аудандық "Ілияс Жансүгіров оқулары" байқауында жүлделі орын алған 11 Ә сынып оқушысы Махмуд Ерасыл.

Жетекшісі: Таганова Лаззат

Құттықтаймыз! 

Жүлделі орын алған 8 В сынып оқушысы Каналбаева Диана.

Жетекшісі: Абдирахметова Гульзада Құттықтаймыз! 

Жүлделіорын алған 9 Е сынып оқушысы Есенина Жанел.

Жетекшісі: Таганова Лаззат

Құттықтаймыз!!!

336639038 2302756766571319 5028357499049723915 n

ДЕБАТ ТУРНИРІ

Жас мамандар арасындағы аудандық пікірсайыс турнирінде жүлделі

ІІ орын алған "Алау фракциясы" тарих пәнінің мұғалімі Унгарбаев Асанбек пен математика пәнінің мұғалімі

Торебаева Махаббат 

Құтты болсын !!! Биіктерден көріне беріңіздер

336549560 949000296238874 7163559346042177422 n

 Ағылшын тілі пәні мұғалімі Алдабергенова Гүлнұр аудандық "Үздік БЖБ" байқауында жүлделі 3-орынды иеленді.

Әріптесімізді бүгінгі жетістігімен, мектепке қосқан үлесімен құттықтаймыз!

337399292 171654635691639 6068587092086337718 n

№7 орта мектебінің www.mektep7.kz веб сайтынан облыстық сырттай байқауында "Ең үздік - веб - сайт" ІІІ орынмен марапатталды. Жауапты маманы информатика пәні мұғалімі Садыкова Г.


2018, Маңғыстау облысы Берекелі елдігіміз бен бірлігіміздің нығаюына және өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі қосқан еңбегі үшін, Едилова Гүлзира «Құрмет грамотасы» берілді.



2018 жылы Мұнайлы аудандық білім бөлімінен «Бірінші математикалық прогрессия» байқауына белсене қатысқаны үшін Суттібаева Гүлзира Джадрасынқызына "Алғыс" марапаты берілді.


2017 жылы Маңғыстау облысы білім басқармасынан "Берекелі елдігіміз бен бірлігіміздің нығаюына жəне өскелең ұрпаққа білім мен тəрбие берудегі қосқан үлесі үшін Акмурзаева Бахар Сидназаровнаға "Алғыс" марапаты берілді.


Ахметова Айман Жалғасқызы 6 жылдық педагогикалық тәжірибесі бар, екінші санатты өзін – өзі тану мұғалімі. 09.2017 ж, аудандықтан «Үздік психолог - 2017» байқауында І – ші орынға және облыстық «Үздік психолог - 2017» байқауында ІІ – ші орынға иеленді. Білім беру саласын дамытуға қосқан зор үлесі, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру ісіндегі табыстары, кәсіби шеберліктері, педагогикалық үрдестегі жетістіктері үшін құттықтаймыз!


Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданының әкімі Н.Тәжібаев 2007 - 2017 жыл қазан айында «Мұнайлы ауданына 10 жыл» мерейтойлыққа орай, ауданның қалыптасуына және дамуына қосқан үлесі үшін Махатова Тути Еламанқызы және Сарыкулова Жазық Кеңгесқызына төсбелгісімен маратталды.