|
|||
Разработано для родителей с целью предоставления им возможность отслеживания успеваемости своего ребенка в школе
Разработано для учителей с целью предоставить им возможность управлять учебно-образовательным процессом в школе
Познакомьтесь с примерами заданий и анимацией.
“№7 жалпы білім беретін мектеп” КММ - сі ғимаратында терроризм актісінің алдын алу мақсатында оқу - жаттығу жұмыстары жүргізілді. Оқу - жаттығу жиынына білім беру ұйымының мұғалімдері мен оқушылары, сонымен қатар барлық мектеп қызметкерлері жұмылдырылды.
7 мамыр - Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр - Жеңіс күніне орай жоғары сынып оқушылары арасында “Мерген Сұлтан - 2023” байқауы ұйымдастырылды. Қатысушы ұлдар “Пневматикалық винтовкадан оқ ату” және “Автоматты шашып, жинау” аталымдары бойынша қатысты. 10 - 11 сыныптар бойынша барлығы 15 оқушы қатысты.
1 мамыр - Қазақстан Халықтарының бірлігі күніне орай “1 мамыр - Достық үйі”, “Достығымыз жарасқан”, “Бейбіт елдің ұланымыз” тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді.
17.02.2023ж күні мектебімізде бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі жөнідегі орынбасары: Б. Жолтыханқызының ұйымдастыруымен 4-сынып оқушылары арасында «Кітап оқу – өмір ұстазы...» атты үлкен жоба мәнерлеп оқу сайыс түрінде өткізілді. Мақсаты: жасөспірім балалардың оқуға құштарлығын ояту, дарынды балаларды анықтау, сөздік қорын молайту, жаттау қабілетін дамыту.Ұлы данышпанымыздың өлеңі мен өмірін, тәрбие көзі болған қара сөзін жас ұрпаққа насихаттау. Сайысқа 4-сыныптар арасынан 45 оқушы қатысып бағын сынады. Сонымен қатар Абай әлеміне бір сәт шолу жасап, ұлы ақынымыздың өмірбаянын, сан тараулы өлеңдерін және қара сөздерін балалар тартысты түрде ортаға салды. Жеңіс пен жеңіліс қатар жүретін ұлы додада шәкірттеріміз бар өнерін ортаға салып, жүйріктігімен, алғырлығымен сайыс алаңын қыздыра түсті. Сайыс соңында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып дараланып оза шапқан балаларымыз марапатталып сондай-ақ, барлық қатысушылар сыйлықтарға ие болды.
Мектебіміздегі МАД - топтарында “Мамандықты сүйемін” тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты: тәрбиеленушілерді әртүрлі мамандық түрлерімен таныстыру, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген қызығушылықтарын арттыру.
Мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілері арасында “Ризашылық - мейірімділік бұлағы” тақырыбында сурет салу байқауы ұйымдастырылды. Оқушылар тақырып аясында өздерінің әдемі суреттерін ұсынды. Сынып жетекшілер суреттерден көрме жасақтап, белсене қатысқан оқушыларды марапаттады.