«МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ»
БІЛІМ КҮНІНІҢ САЛТАНАТТЫ ЖИЫНЫ ӨТКІЗІЛДІ
Қазақстанда Мемлекет басшысының 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығымен 1 қыркүйек «Білім күні» деп жарияланды. Жыл сайын 1-қыркүйекте Білім күніне арналған салтанатты іс-шаралар өткізіледі.
1 қыркүйек - Білім күніне арналған «МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» атты мектепішілік салтанатты жиын, сондай-ақ сынып сағаттары өткізілді.
Салтанатты жиынға аудандық мәдениет, спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы, аудандық қоғамдық кеңес мүшесі және аудандық білім бөлімінің өкілдері қатысты.
Салтанатты жиын барысында қатысушы қонақтар шараға жиналған оқушыларды құттықтады. Сынып сағаттарының аясында педагогтер ұлттық құндылықтардың, патриотизмнің, адалдықтың, адам өміріндегі бір-біріне деген құрмет пен сенімнің рөлін талқылауға ерекше назар аударды.
Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар!
Баршаңызды 1 қыркүйек - Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, жаңа білімге, жеңістер мен жаңалықтар ашуға күш-жігер, шығармашылық табыс тілейміз. Жаңа оқу жылы жетістіктер мен толағай табыстарға толы жылы болысын!







