14 наурыз - Көрісу мейрамы, амал мерекесі. Көрісу күнінде халық қыстан аман - есен шыққанына қуанып, бір - бірімен қол алысады. Бұл күні барлық өкпе - реніш ұмытылып, кешіріледі.
Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір адам алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәттісін үйіп қояды. Осы іс - шарада біздің мектебімізде ұйымдастырылды. Бір – біріне мектеп ұжымы, мұғалімдер мен оқушылар «Бір жасыңмен!» деп көрісті. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман - есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді.
Амал мерекесі мектебіміздегі эстетикалық пәндер бірлестігінің ұйымдастырған әдемі ән шашуы мен ақ дастарханымен жалғасты.

