20-қараша - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, "Бала құқығы - адам құқығы" республикалық онкүндікті мектепішілік деңгейде өткізу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес "Заң және жасөспірім" тақырыбында мектепішілік әкелермен кездесу болып өтті. Кездесу барысында мектеп психологы Қартбаева Г. Мұрат А. әкелерге тренинг өткізді. Тәрбие жөніндегі орынбасар Жарасбаева Ұ. Бала құқығы туралы конвенцияға тоқталып, мектептегі оқушының тәртібі туралы сөз қозғады. Мұнайлы ауданы ПБ ЖПҚБ КТІЖ УПИ полиция капитаны Н.Ж.Елжанов, КТІЖ УПИ полиция капитаны Р.Дурмеков бала құқығы,бала жауапкершiлiгiнiң ерекшелiктерi туралы сұрақтарға жауап беріп, әкелермен ашық сұхбаттасты. 7 "В" сынып оқушысы Сарсенбай Ерболдың әке туралы әсерлі әнімен кездесуіміз аяқталды.