Ағылшын тілі пәні апталығы жоспарына сәйкес 6-сынып оқушылары арасында өткен "HARRY POTTER” сиқырлы әлем сайысы сәтті аяқталды! Олар Дж.К. Роулингтің «Гарри Поттер» шығармасындағы сиқырлы әлемге шынайы қызығушылық танытты.
Шараның негізгі нәтижелері:
• Оқушылар Гарри Поттер әлемі туралы білімдерін кеңейтіп, викторина сұрақтарына белсенді жауап берді.
• Шығармашылық тапсырмалар барысында қатысушылар өз қиялдары мен қабілеттерін көрсетті.
Шара оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және командалық жұмысқа деген ынтасын арттыруға септігін тигізді. "HARRY POTTER” сиқырлы әлем сайысы балаларға ұмытылмас әсер қалдырды!
Ұйымдастырушылар: Калыбаева А. Рзабаева А. Чалабаева Г.