Жалпықазақстандық ашық диктант
Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін нығайту мақсатында 5 - қыркүйек күні 10.00-де Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай мектебіміздің 9-10 сынып оқушылары жалпықазақстандық ашық диктант жазды. Қатысқандар саны: 9 - сыныптар бойынша 181 оқушы, 10 - сыныптар бойынша 116 оқушы.


