17.02.2023ж күні мектебімізде бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі жөнідегі орынбасары: Б. Жолтыханқызының ұйымдастыруымен 4-сынып оқушылары арасында «Кітап оқу – өмір ұстазы...» атты үлкен жоба мәнерлеп оқу сайыс түрінде өткізілді. Мақсаты: жасөспірім балалардың оқуға құштарлығын ояту, дарынды балаларды анықтау, сөздік қорын молайту, жаттау қабілетін дамыту.Ұлы данышпанымыздың өлеңі мен өмірін, тәрбие көзі болған қара сөзін жас ұрпаққа насихаттау. Сайысқа 4-сыныптар арасынан 45 оқушы қатысып бағын сынады. Сонымен қатар Абай әлеміне бір сәт шолу жасап, ұлы ақынымыздың өмірбаянын, сан тараулы өлеңдерін және қара сөздерін балалар тартысты түрде ортаға салды. Жеңіс пен жеңіліс қатар жүретін ұлы додада шәкірттеріміз бар өнерін ортаға салып, жүйріктігімен, алғырлығымен сайыс алаңын қыздыра түсті. Сайыс соңында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып дараланып оза шапқан балаларымыз марапатталып сондай-ақ, барлық қатысушылар сыйлықтарға ие болды.