«№7 жалпы білім беретін мектеп» КММ- де Отбасы күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі» тақырыбында мектепішілік қыздар жиналысы болып өтті.
Мақсаты: қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс - қимыл, жүріс - тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан - жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани - адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту. Жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу.
№26 бұйрықты негізге ала отырып, мектеп формасын сақтауға шақыру.
Әдісі: пікірлесу, әңгімелесу, сұрақ - жауап, салыстыру.