БІЗ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫМЫЗ
12.10.2023 жылы «Жемқорлықсыз қоғамға қадам» атты дебат үйірмесіне қатысатын оқушылар арасында мектепішілік дебаттан турнир болып өтті. Турнирге 4 фракция қатысты: Конгресс, Риторика, Альфа, IQ. Пікірталас форматы: АПФ.
Турнирдің мақсаты: оқушыларының арасында мектепішілік пікірсайыс қозғалысты дамыту және насихаттау, білім алушылардың жалпы мәдени ой-өрісін кеңейту, оқушылар арасындағы академиялық білім деңгейін көтеру, білім алушылардың шешендік сөйлеу өнері дағдыларын және сендіру әдістерін қалыптастыру, зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін зерттеу, ұйымдастыру дағдыларын, коммуникативтік біліктерін дамыту.
Ұйымдастырушы: дебат жетекшісі, Торебаева М.Қ.