Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің

"№7 жалпы білім
беретін мектеп"

коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   

+7 (7292) 31 89 12
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,

Атамекен ауылы

2050 kz   adilet2kz   akorda kz   ban01 kz   ban02 kz       

Меню

Ауа райы

  Ақтау
 
 

pogoda

14.07.22 1

Мобильное приложение для родителей

Разработано для родителей с целью предоставления им возможность отслеживания успеваемости своего ребенка в школе

Play Market App Store

 14.07.22 2

Мобильное приложение для учителей

Разработано для учителей с целью предоставить им возможность управлять учебно-образовательным процессом в школе

Play Market App Store

logo new

TopIQ – современные цифровые учебники

Познакомьтесь с примерами заданий и анимацией.

https://topiq.kz/ru 

 

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына   байланысты «Ерлік - ұрпаққа мұра» тақырыбында ауған соғысы ардагерлірімен кездесу ұйымдастырылып, патриоттық бағыттағы іс - шара өтті. Оқушылар қасіретті жылдарда қайсарлық танытқан жауынгер ағаларына көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Шараға қатысқан қонақтарымыз қарулас достарымен бірге жасаған ерліктері, соғыс жағдайында басынан кешкен оқиғалары туралы баяндап, естеліктерімен бөлісті. Қаһарман ағаларымыз жастарды Отанын сүюге, оны жаудан қорғап, өз елінің патриоты болуға шақырды. Бұл кеште жоғары сынып оқушылары "Қанжардан құтқарған қазақ тілі" қойылымын қойды. Өлеңдер оқылып, патриоттық әндер шырқалды.

Ардақты ағаларға ұзақ өмір, мықты денсаулық тілейміз!

Ұйымдастырушы: ДТЖО, мектебіміздегі "Өзін - өзі басқару ұйымы".

25.04.22 1

25.04.22 1

25.04.22 1

25.04.22 1

25.04.22 1

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында жоспарға сәйкес мектебімізде ақын, журналист Анар Шамшадинованың шығармашылығына арналған "Рухани шамшырақ" әдеби - сазды кездесу кеші ұйымдастырылды. Ақынның өлеңдері оқылып, жас ақындарымыздың шығармашылығы таныстырылды. Анар ақынның "Анашым", "Аққу арман", "Сен келерсің" атты әнге айналған өлеңдері сахна төрінде шырқалды.
Бүгінде 20 жылға жуық сахнада "Музарт" тобының орындауымен орындалып жүрген "Сен келерсің" әнінің тарихын Анар Шамшадинова өзі айтып өтті.
"Ақынға сұрақ" айдарында оқушылардың көптеген көкейтесті сұрақтары қойылып, жауап алынды.
Сонымен қатар, мектебіміздегі оқушылар белсене қатысып жүрген "Домбыра-дастан" , "Драма", "Асық ату" , "Жас журналист" үйірмесінің жұмыстары таныстырылды.
Кеш соныңда Анар Амангелдіқызынан оқушылар автограф алып, естелік суретке түсті.

"Жас журналист" үйірмесі тілшілерінің сұхбатымен әр жанның кеудесіне рухани шамшырақ сыйлар әдеби - сазды кеш аяқталды.
Ұйымдастырушы: тәрбие бөлімі және өзін -өзі басқару ұйымы.

13.12.21 1 13.12.21 1 13.12.21 1 13.12.21 1

06.12.2021 ж күні ағылшын тілі онкүндігіне орай «the leader of the 21st century» тақырыбында мектепішілік сайыс өткізілді.Сайыс өткізудің негізгі мақсаты: ағылшын тілін дамыту, оқушыларды ой-өрісін дамыту. Байқауға 7 сынып оқушылары қатысты.Осы сайыс нәтижесінде 1,2,3 орындар беріліп марапатталды.Бұл сайыстың жеңімпаздары I орын «Rainbow »тобы, II орын « Butterfly»тобы, III орын «Sunshine »тобы алды
Өткізген : Аймухаммедова Тойжан, Рзабаева Ақшолпан

13.12.21 1 13.12.21 1

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай, "Менің Отаным - Тәуелсіз Қазақстан!" тақырыбында 5-8 сынып оқушылары арасында патриоттық әндер байқауы өткізілді.
Мақсаты: оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Өз елін, жерін, Отанын сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу. Еліміздің 30 жыл бойы жеткен жетістіктерін таныту, насихаттау.
Аталған байқауға оқушылар белсене қатысты және марапатталды.
Ұйымдастырушы: музыка пәні мұғалімдері Омаров Шермұрат, Дастан Заманбек

13.12.21 1 13.12.21 1

Мектебімізде 03.12.2021 ж. күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай "Елбасы күні - елдікке құрмет"  атты 5-8 сыныптар арасында мектепішілік мәнерлеп оқу байқауы өткізілді.
Мақсаты: 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесінің мәнін ашу, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың елі үшін жасаған істерін үлгі-өнеге етіп, оқушыларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат пен азаматшалар болып өсуіне, елжандылыққа, ержүректілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Байқау нәтижесінде әділқазы алқасының шешімімен:
I орын 8 "Д" сынып оқушысы Лепес Райхан
II орын 7 "Б" сынып оқушысы Джанабай Анель
III орын 8 "Д" сынып оқушысы Ердаулетова Мерец
III орын 8 "Д" сынып оқушысы Кенесбай Алтынай
Ынталандырумен 6 "В" сынып оқушысы Теберик Ибрахим, 5 "Г" сынып оқушысы Нуралы Санжар
Оқушылар арнайы дипломдармен марапатталды. Оқушыларымызға әрі қарай да сәттілік тілейміз!
Ұйымдастырушы: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Конусова А.А.

13.12.21 1 13.12.21 1

Бүгін мектебімізде "Вейп - денсаулыққа өте қауіпті!" тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізу мақсатында оқушыларға жиналыс өткізілді. Жиналысқа тәрбие жөніндегі орынбасар У.Жарасбаева, мектеп психологы Г.Картбаева, мектеп инспекторы Н.Елжанов қатысты. Оқушыларға қазіргі жастар, әсіресе жасөспірімдер мен мектеп оқушылары арасында электронды темекінің таралуына алдын алу, зияны туралы айтылды.

13.12.21 1 13.12.21 1 13.12.21 1 13.12.21 1

            Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы, "№7 жалпы білім беретін мектеп" КММ-нің 10 жылдық мерекесіне орай мектепішілік "Екі жұлдыз" ән байқауы өткізілді. Байқауға мұғалім мен оқушыдан құралған жұптар қатысты.
Мақсаты: Оқушыларды көркемдік-әсемдік, адамгершілік-рухани бағытта тәрбиелеу. Ұстаз бен оқушы арасында тығыз байланыс орнату. Оқушыларды сахна мәдениетіне бейімдеу. Байқау нәтижесі төмендегідей болды:
Бас жүлде иегерлері: музыка пәні мұғалімі Омаров Шермурат және 10 сынып оқушысы Айбазарова Ырысты.
1 орын: ағылшын тілі пәні мұғалімі Чалабаева Гулнар, 10 сынып оқушысы Оразбай Айдана
2 орын: биология пәні мұғалімі Утепбаева Райшан, 7 сынып оқушысы Биман Альбина.
3 орын: музыка пәні мұғалімі Дастан Заманбек, 5 сынып оқушысы Нуржума Айкөркем

Мұғалімдер мен оқушыларымыздың жүлделерімен құттықтай отырып, алдағы күндеріне сәттілік тілейміз!
Ұйымдастырушы: тәрбие жөніндегі орынбасар У.Жарасбаева, тәлімгер К.Бердибаева

13.12.21 1

Желтоқсаннан бастау алған егемен. Егеменді елде берік керегем. Қазақстан –бірлігімнің айғағы Әлем білген Елбасымен көреген. 25.11.2021 ж күні мектебімізде Бастауыш сынып оқушылары арасында «Елбасы күні – елдікке құрмет!» -атты мәнерлеп оқу патриоттық сайысы өткізілді. Мақсаты:оқушыларға Тұңғыш Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру. Елбасының елі үшін жасаған істерін үлгі –өнеге ету. Отанын, елін, жерін, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа , патриоттық сезімге тәрбиелеу. Тарих қойнауын еншілеген ел мұрағатын ұрпақ бойына насихаттау

13.12.21 1 13.12.21 1

28.10.21 34

«№7 жалпы білім беретін мектеп» КММ

2021-2022 оқу жылының 4- сынып оқушыларының

«Ата заңым - айбыным» атты концерттік бағдарламасының ақпарламасы

 

27.08.2021 күні 4 сыныптардың ұйымдастыруымен мектеп акт залында концерттік бағдарлама мен ертеңгілік өтті.

Мақсаты:

Мемлекеттік мереке азаматтарымыздың құқығы мен бостандығының кепілі –ел Ата Заңының 26 жылдығына орай конституция бойынша алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білетін тұлғаны тәрбиелеу;

Саяси өмірден хабардар , қоғам алдында тұрған мақсаттарды шешуге белсене араласатын жеке тұлғаны қалыптастыра отырып шығармашылық, іздемпаздық дағдысын дамыту;

Қоғамдық өмірде өз орнын дұрыс анықтай алатын, Қазақстанды бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосуға үлес қосатын, бойына тұлғалық асыл қасиеттерді сіңірген патриот азамат тәрбиелеу.

Концерттік бағдарлама барысында көрнекілік ретінде слайдтар қолданылды.о Оқушылар ән орындап, би билеп өнерлерін көрсетіп, бағдарлама өз деңгейінде өтті.

28.10.21 35 28.10.21 35

«№7 жалпы білім беретін мектеп» КММ

2021-2022 оқу жылында жүргізілген

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясының ақпарламасы

Республикамызда 3.07.-3.09.2021ж аралығы оқушыларды орта біліммен толық қамтылуына жағдай жасау мақсатымен бастау алған «Мектепке жол » қайырымдылық акциясы «№7 жалпы білім беру мектебі»КММ-де де өз жалғасын тапты. Арнайы хабарландыру ілініп, түрлі мекемелерге хат жолданды.

Акцияның басты мақсаты: балаларды біліммен толық қамтылуына жағдай туғызу. Маңызды міндетіміз қамқорлық жасау.

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясын ұйымдастыруға ұйытқы болып отырған мектеп басшыларына, қол ұшын беруге ат салысып отырған демеушілеріміз:

Мұнайлы аудандық әкімдігі, Атамекен ауылдық округінің әкімі Н.Мустафаев,

Мұнайлы аудандық маслихатының депутаты Nur Otan партиясының мүшесі Марат Абзал Ғабитұлы.

Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.

"7 ЖББМ" КММ-сі ұжымы.

Акциямыз одан әрі өз жалғасын табады. Демеушілерімізге мектеп әкімшілігі атынан алғыс білдіреді

28.10.21 35 28.10.21 35 28.10.21 35 28.10.21 35

«№7 жалпы білім беретін мектеп» КММ

2021-2022 оқу жылында жүргізілген

«Ата заңым ардағым» тақырыбында ұйымдастырылған кітапхана көрмесінің ақпарламасы

 

06.09.2021 жылы №7 мектеп кітапханасында "Ата заңым ардағым" атты көрме ұйымдастырылды. Көрмені өткізудегі мақсатымыз Ата заң туралы оқушылардың түсінінін кеңейту, заң бөлімдері мен баптарына қысқаша шолу жасау. Ата заңның қабылдану, шығу тарихына кеңірек тоқталу арқылы оқушылардың білімін арттыру. Заңның өмірмен байланысын түсіндіру. Сұрақ беру арқылы балалардың сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

28.10.21 35 28.10.21 35 28.10.21 43

11.09.2021 жылы «Салауатты өмір – нұрлы болашақ!» атты мектепішілік денсаулық фестивалі болып өтті. Мектеп директоры К.Нурбаева фестивальге қатысушы оқушыларды құттықтады. Дене шынықтыру пәні бірлестігі, мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары фестиваль іс – шараның барысын таныстырды. Фестиваль ары қарай мектеп спорт залында спортық жарыстармен жалғасын тапты.

Фестиваль мақсаты: спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, салауатты өмір салтын ұстануға, балаларды жылдамдыққа, ұйымшылдыққа, мақсатқа жетуге тәрбиелеу

28.10.21 30 28.10.21 31

Орта білім беру ұйымдары арасында «Ұлы дала өркениеттері» атты республикалық байқау өткізіліп жатыр. Байқаудың кезекті іс – шарасы «Жетістіктің тарихы» тақырыбында еліміздің тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен тұлғамен кездесу кеші болатын.

Қазақстан Республикасының еңбегі сіңірген спорт шебері, 2012 жылғы Лондонда өткен Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, «Құрмет» орденінің иегері, 2014 жылы Азия ойындарының чемпионы, 2016 жылғы Рио-де-Жанейрода өткен Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, 2016 жылы «Барыс» орденімен марапатталған, 2016 жылы «Дарын» сыйлығының лауреаты Ниязымбетов Әділбек Сәбитұлы бүгін бізде қонақта болды. Спортшы шақырудағы мақсатымыз, оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру. Отан алдындағы жауапкершілікті ұғындыру, тәуелсіз еліміздің жеткен жетістіктері үшін шексіз ризашылық сезімін ояту.

Әділбек Сәбитұлымен өте керемет сұхбат болды. Оқушылар көкейінде жүрген сауалдарына ұтымды жауап алды. Кездесу кешіне мектеп директоры К.Нурбаева мен тәрбие жөніндегі орынбасарлар мен оқу ісінің орынбасарлары, дене шынықтыру пәні бірлестік мұғалімдері, 10 - 11 сынып оқушылары мен пән мұғалімдері қатысты

28.10.21 22 28.10.21 22 28.10.21 22 28.10.21 22

Ақпарлама

1 қыркүйек Білім күні мерекесіне орай «Кел, балалар, оқылық!» атты салтанатты жиыны болып өтті. Салтанатты рәсім ҚР Мемлекеттік Гимнмен ашылды. Салтанатты жиынға мектеп директоры К.Д.Нурбаева және ұстаздар, 1 – сынып оқушылары мен ата – аналар қатысты. Алғашқы құттықтау сөз білім ордасының басшынсына берілді. Биыл ғана білім ордасының табалдырығын аттаған бүлдірщіндерімізге мектеп директоры арнайы «Әліппе» кітабын табыстады. Мерекелік көңіл – күймен әндер шырқалды.

Шара санитарлық талаптарды сақтай отырып, өз деңгейінде өтті. Жаңа оқу жылы сәтті басталып, толағай табыс пен жемісті жеңістер мол болады деген зор сеніміз бар.

28.10.21 11 28.10.21 11 28.10.21 11 28.10.21 11 28.10.21 11 28.10.21 11 28.10.21 11 28.10.21 11 28.10.21 11 28.10.21 11 28.10.21 11

Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің «№7 жалпы білім беретін мектеп» КММ - сі «Қауіпсіз мектеп автобусы» акциясы бойынша 2021 жылғы  1 қыркүйек –    9 қыркүйек аралығында «Абайлаңыз балалар!» атты жедел профилактикалық іс-шарасы аясында мектебімізде іс-шаралар жоспары құрылып, бекітілді.

Іс - шара мақсаты: Білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көшеде жүру ережелерімен оның өмірдегі маңызын түсіндіру. Оқушылардың қызығушылығын тудырып, ой - өрісін, белсенділігін дамыту. Сынып оқушыларын жолда абай болуын, сақтыққа тәрбиелеу.

Осыған орай, санитарлық нормалардың барлық талаптарын сақтай отырып, ДТЖО Г.Аршеева, мектеп инспекторы Н.Елжановпен бірлесіп жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, 2021-2022 оқу жылына балалар жол-көлік жарақатының алдын алу жөніндегі іс-шарасы ұйымдастырылды.

Мектепте қауіпсіз мектеп ортасын қалыптастыру бойынша арнайы тексеру комиссиясы құрылып, талапқа сай тексеру жұмыстары жүргізілді.

Жаңа оқу жылы дәстүрлі форматта оқуына байланысты санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, мектеп ауласында оқушылардың арақашықтығын сақтау бойынша қауіпсіздік ережелері сақталып, дәрігерлердің күнделікті баланың қызуын тексеру жұмыстары жүргізілуде.

28.10.21 1 28.10.21 1 28.10.21 1 28.10.21 1 28.10.21 1 28.10.21 1

ДТЖО Г.Аршеева мектеп инспекторы Н.Елжановпен оқушылардың көшеде, мектепте, сонымен қатар жолда жүру ережесі бойынша егжей-текжейлі ережелерін түсіндіріп, жолда қауіпсіздік ережелерін орындауға шақырды.

28.10.21 1 28.10.21 1

Іс - шара аясында 1 - сыныптардың жетекшілері мен мектеп инспекторы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары «Жолда жүру ережесі» түсінік жұмыстарын жүргізді. Негізгі мақсаты: оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру, жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен таныстыру сонымен қатар оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу. Балаларды жолда жүру ережесімен таныстырып, жол ережесін білудің маңызды екенін түсіндіріп өтті. Жол ережесі белгілерімен көрсетілді.

12 қаңтар күні мектепшілік "Мұқағали оқулары", "Қадір Мырза Әлі оқулары" байқауы өтті. Жеңімпаз оқушылар тиісті орындармен марапатталды. Ұйымдастырушылар қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері П.Р.Елешова, Л.П.Таганова.

18.01.19ж күні 1 сыныптар арасында "Ғажайып фигуралар" қолөнер көрмесі" өтті. 1 сынып оқушылары математика сабағында жасаған фигураларын көрмеге қойды.

Мектебімізде 14-15 желтоқсан күндері алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің ұлттық дәстүр "Тілашар" тойы арқылы оқуға ынтасын арттыру, мектепке деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында 1-сынып оқушыларының "Тілашар" мерекесі өтті. Тілашар мерекесіне барлық 12 сынып оқушылары мен ата-аналары және оқу ісі меңгерушісі Б.Төлегенова мен ДТЖО Г.Келешова т.б. ұстаздар қатысты

Мектебімізде бүгін 28 қараша "Елін сүйген, елі сүйген Елбасы" тақырыбында 1в,2ғ және 6в сыныбыптарында, ашық тәрбие сағаттары өтті. Мектеп алды даярлық топтары арасында елбасымызға арналған көркем сөз байқауы өтті.Сынып жетекшілері: Кенганова Ұлжамал, Шержанова Гүлназ, Кадырбаева Камила.

18.10.2018 күні "7 жалпы білім беру орта мектебі" КММ "РобоМұнайлы-2018" атты сайыс өтті. Аудандық «РобоМұнайлы-2018» байқауының қазылар алқасының құрамына қатысқандар: А.Кеншінбаева – облыстық оқу әдістемелік және қосымша білім беру орталығының әдіскері, А.Мүберек – аудандық білім үйлестіру орталығының әдіскері, М.Атаназаров – Ақтау қаласы №29 орта мектептің ІТ маманы, А.Аманжулова - №8 орта мектептің информатика пән мұғалімі, Н.Сәулебаев - №5 орта мектептің информатика пән мұғалім. Сайысқа 63 оқушы қатысып, орын алған оқуышларға Дипломмен марапатталды.

22.09.17ж күні Қазақ тілінен өткізілген «Тілім менің тірлігімнің айғағы»атты тақырыбында мəнерлеп оқу сайысы өткізілді. Мəнерлеп оқу сайысы барысында мұғалімдер ұйымдастырған іс шаралар заман талабына сай өтті. Сайыс тіл апталығына директордың оқу - ісі жөніндегі орынбасары Махатова Т.Е, орыс тілі жән әдебиет, қазақ тілі және әдебиет, ағылшын пән мұғалімдері қатысты.