2024-2025 оқу жылы қазан айының 28-і мен қараша айының 02-сі аралығында мектептің көшбасшы мұғалімдері "Отпан" жобасы аясында өткен "Мектеп командасы: тиімді басқару және білім сапасы" курсының теориялық кезеңінен өтті. Команда мүшелері 4 қарашадан бастап мектепте бастауыш 3-сыныптарға "Сәтті қадам" жобасы және 8 сыныптарға "Бірге жетістікке" жобаларының іс-шаралар жоспарын жасақтап , жоба жұмысын бастап кетті. Пән мұғалімдері мен оқушылардан сауалнама алынып, қажеттіліктері анықталды. Аталған сыныптардың математика-жаратылыстану пәндерінің сабақтарына қатысқан командалық топ мұғалімге сабақта қолданған әдіс-тәсілдердің тиімділігіне талдау жасап, бағыт-бағдар берді. Жобаны оқушылар да, мұғалімдер де қолдап белсенді қатысуда.