28.09.2023ж. күні мектептің әдістемелік жөніндегі директор орынбасары Г.Едилованың ұйымдастыруымен мектепішілік “Үздік тарих және құқық пәні мұғалімдерінің олимпиадасы” болып өтті. Олимпиадаға тарих және құқық пәні мұғалімдері түгел қатысты. 1-турда тест сұрақтарына жауап берсе, 2-турда портфолио, ғаламторда жеке сайттарының жүргізілуі, ашық сабақ көрсетті. Олимпиада қорытындысы бойынша ұпай саны жоғары болған мұғалім аудандық кезеңіне іріктелді. Олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысушы әріптесімізге сәттілік тілейміз және жүлделі орынға ие болады деп үлкен сенім білдіреміз