“Ұлттық құндылықтар - тәрбиенің түп қазығы” 





Қазақ халқының рухани дүниесінде күй өнерінің алатын орны ерекше. Күй - қазақ халқының рухани болмысының, мәдениетінің, дүниетанымының тұғыры биік асыл мұрасы. Осы орайда мектебімізде мектеп президентін сайлау қарсаңында, қыркүйек айының қорытындысы ретінде “Ұлттық құндылықтар - тәрбиенің түп қазығы” жобасы аясында, қоңырауды бір сәт құндылыққа толтыру мақсатында “КҮЙ ОРЫНДАП, СЫЙЛЫҚ АЛ!” шарасы қоса өткізілді. 





Тек сайлау болады деп ойлаған мұғалімдер мен оқушылар күтпеген жерден орын алған шараға атсалысып, құндылыққа толы шара көптің көңілінен шықты.




