№7 жалпы білім беру орта мектебінің коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру, әдеп нормаларын сақтау және заңнама бұзушылықтарының алдын алу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты мен әдеп кодексі 12 қазан 2020 жылы № 159-нқ бұйрығымен бекітілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру, парасаттылық мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ қызмет әдеп нормаларын сақтау және заң бұзушылықтарының алдын алу мақсатында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Аршеева Гаухар Бектасовна әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілі болып тағайындалды.