Атамекен селосындағы "№7 жалпы білім беру орта мектебінде" 03.12.2018 ж. жаңа білім беру мазмұнындағы облыс деңгейіндегі тренер Аймағанбетова Зулайха мен Ілгері деңгей мұғалімі, оқу- тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Махатова Тутиның ұйымдастыруымен мектеп ұжымымен "Жарқын болашаққа- жаңашыл ұстаз" тақырыбында коучинг өткізілді. Коучингте мұғалімдер білім сапасын көтерудегі ұстаздың рөлі, мектептегі кедергілер мен шығу жолдары туралы өз ойларын ортаға салды. Мектеп процессінде кездесетін педагогикалық жағдаяттарды шешу сұрақтарына жауап берді.
Жиналыс соңында мектеп әдіскері А.Балиева ұжыммен педагогикалық әдеп қағидалары бекіту заңымен, Білім заңының педагог қызметкердің мәртебесі туралы баптарын талқылады. Мектеп басшысы Нұрбаева Қансұлу Дүйсенқызы қорытынды сөзінде педагог қызметкер өз мәртебесін өзінің кәсібіне деген адалдығымен және шеберлігімен шындау арқылы көтеретіндігін айтты.