23.11.2022ж. күні мектебімізде әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес, педагогтерге әдістемелік көмек беру мақсатында «Авторлық бағдарлама- мұғалімдердің кәсіби шеберлігінің кепілі» тақырыбында мектепішілік дәріс-семинар болып өтті. Семинар спикері өлкемізге белгілі педагог-шебер, тренер, республикалық сараптау комиссиясының мүшесі, Қызылтөбе лицейінің мұғалімі Байназаров Қуат Кенгесович. Семинарға педагог-зерттеушілер, педагог-сарапшылардан құралған 23 мұғалім қатысты. Семинар барысында мұғалімдер авторлық бағдарламаның жазылу жолымен, қалай, неден бастау, тақырыпты қалай таңдау керектігі жөнінде толық мәлімет алды. Семинарға қатысушылар бағдарлама туралы ойларын айтып, пікір алмасты. Спикер мен ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді. Семинардың педагогтерге берер тағылымы мол болды.