13-сәуір күні мектебімізге Өскемен қаласынан АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІ келді.Мамандар өздерінің оқытатын мамандықтары жайында мәлімет берді .Сонымен қатар университетте әскери кафедра жұмыс істейтіндігі және оқушылардың қосымша әскери мамандық алып шығу мүмкіндігі бар екендігі туралы да қызықты да әсерлі етіп айтып өтті.
11-ші сынып оқушыларының үлкен қызығушылықтарын туғызды . Олар университетке қабылдау ережелері жайлы ,оқушыларды қызықтыратын мәселелер бойынша сұрақтарға жауап берді.Оқушылар мамандардан қанағаттанарлық жауаптар алды.Қорыта айтқанда, 11-ші сынып оқушылары арасында кәсіби бағдар бойынша өткізілген әңгімелер қызықты, әрі мазмұнды болды.

