Мұнайлы ауданы №7 жалпы білім беретін мектебінде Қазақстан тілдері күніне және халқымыздың рухани көсемі, ағартушы, Ұлт ұстазына айналған Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойына орайластырып “Тіл ғұмыры-ұлт ғұмыры” тақырыбындағы апталықтың ашылуы өтті. Апталықтың ашылуы үш тілде: қазақ , орыс, ағылшын тілінде жүргізілді. Оқушыларға тілдің қадір - қасиетін, ана тілінің құндылығын дәріптеп, Ұлт ұстазының өмірі мен шығармашылығынан үш тілде мәліметтер берілді.
Тілдер күніне және Ахмет Байтұрсыновтың мерейтойы аясында жоспарланған іс-шаралар жалғасын таппақ.

