Public utility institution

General educational high
school №7

  +7 (7292) 31 89 12
Mangystau region, Munaily district, village Atameken
 

Menu

Weather

  Aktau
 
 

pogoda

14.07.22 1

Мобильное приложение для родителей

Разработано для родителей с целью предоставления им возможность отслеживания успеваемости своего ребенка в школе

Play Market App Store

 14.07.22 2

Мобильное приложение для учителей

Разработано для учителей с целью предоставить им возможность управлять учебно-образовательным процессом в школе

Play Market App Store

logo new

TopIQ – современные цифровые учебники

Познакомьтесь с примерами заданий и анимацией.

https://topiq.kz/ru 

 

“Біртұтас тәрбие”  бағдарламасын іске асыру бойынша 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні жоспарына сәйкес 7 “г” сынып оқушыларымен “Қазақстан достық мекені” тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты:балаларды достыққа, бірлікке ынталандыру
Ұйымдастырушы: кітапхана меңгерушісі Келимбердиева Айсулу 7”ә” сынып жетекшісі Шамұратова Райхан
Қатысқан оқушы саны 23
 
495319807 18075795535880444 5036514402723512847 n
30 -сәуір күні Фариза Оңғарсынова атындағы аудандық мәдениет үйінде өткен "Ханзада мен Ханшайым-2025" байқауында өнер көрсеткен 11 "Б" сынып оқушысы Жақсылық Айберген, 11 "А" сынып оқушысы Махсудова Асемай "Көрікті жұп " номинациясымен марапатталды. Құттықтаймыз! Жетекшісі Байманова Ақтолқын.
 
495175340 18075586063880444 7268255453432962274 n
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасын іске асыру аясында, Ақпан - Жасампаздық және Жаңашылдық айының жоспарына сәйкес, 5-сынып ұлдарының арасында "Жігіт сұлтаны - 2025" байқауы өткізілді. Жігіттеріміз байқауда 4 кезең бойынша бақ сынасты. Олар:
1. "Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер" таныстыру кезеңі.
2. "Өнерлі бала өрге жүзер" өз өнерін көрсету кезеңі.
3. "Тіл қаруы - сөз" мақал-мәтелдерді жалғастыру кезеңі.
4. "Білекті бірді жығар" қол күрес кезеңі.
Байқауға қатысушы жігіттер, өз белсенділігін көрсетіп, арасындағы шын мықтылар анықталып, арнайы алғыс хаттар мен сыйлықтарға ие болды.
Ұйымдастырушы: сынып жетекші Қалмуратова Айнур
Қатысушы оқушы саны: 175 оқушы
04.03.2025ж. күні "№7 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де 8-9-10 сыныптар бойынша PISA-ға қатысушы оқушыларға арнайы жиналыс өткізілді. Психологтардың «Өзіңе сенімділік - жетістің кілті» тақырыбында тренингімен басталды. Тренингтің мақсаты: Стресс пен мазасыздықты азайту. Өз қабілеттеріне деген сенімділікті арттыру. Өзін-өзі ұйымдастыру және уақытты басқару дағдыларын қалыптастыру. Позитивті ойлау мен мотивацияны қолдау. Стресстік жағдайларда сабырлы және сенімді болу қабілетін жақсарту. Жиналысқа қатысқан мектеп директоры Р.Өрнекешова мен оқу орынбасарлары PISA туралы нақты ақпараттар беріп, түсінік жұмыстарын жүргізді.
Оқушылардың "Мақсатқа, табысқа жету үшін не істеуіміз керек?", "Мақсатымызға жету үшін қандай нақты қадамдар жасау керек?", "Қандай әрекеттер бізге табысқа жетуге көмектеседі?", "Қажетті нәтижеге жету үшін қандай күш пен шешім қабылдау керек?" деген сұрақтарының аясында өз ойларымен бөлісті. Біздің мақсатымыз, сенімділік пен күш-жігерімізді қолдана отырып, PISA тапсыруда жақсы көрсеткіштер көрсету.
 
ҰЛТТЫҚ ОЙЫН - ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ 
Үзіліс уақытын оқушыларға тиімді пайдалану үшін кабинеттер де дене шынықтыру пәні мұғалімдері ұйымдастыруымен тоғықұмалақ ойыны ойнатылады. Алдағы уақытта бес тас және дойбы, үстел теннисі ойындарын ойнату жоспарда бар.
 
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасын іске асыру аясында, ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету мақсатында, "Атадан өсиет, анадан қасиет" тақырыбында 11-сыныптың ата-аналарына арналған шеберлік сыныбы өткізілді.
Ұйымдастырушы: ДТІЖО Танатарова Дилбар Сабуровна. Сынып жетекші: Утепбаева Раушан. Қатысқан ата-аналар саны: 15 ата-ана.
 
07.02.2025ж. күні №7 жалпы білім беретін мектептің 9-10-11 сынып оқушыларына "Оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың, лудомания, синтетикалық заттар, нашақорлықтың алдын алу туралы"тақырыбында түсіндірме жұмысы өткізілді. Бұл іс-шараны мектеп инспекторы Мұнайлы АПБ ЖПКб ЮПТ КІТЖ УПИ полиция майоры Бердіхан Ерлан Ергенұлы мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.С.Танатарова ұйымдастырды. Шараға келген қонағымыз Мұнайлы АПБ КПБ полиция майоры Жүнісов Жалғас Тұйғынұлы қоғамдағы ең маңызды мәселелерінің бірі – бұл жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың көбеюі жайлы айтып өтті. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін білім алушыларға дұрыс құқықтық тәрбие мен құқықтық білім беруіміз керек.
Сонымен қатар, әлеуметтік желілердегі таныстықтың зардаптарының алдын алу туралы, жолда жүру ережелері туралы оқушыларға толық ақпарат берілді. Қатысқан оқушы саны: 445
 
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасының аясында, білім алушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында 10 "А" және 10 "В" сыныбының ұйымдастыруымен, "Қаржылық сауаттылық - қаржылық табыстың кепілі" тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты: Қаржылай сауаттылықтың негізгі түрлерін білу, интернет ақпаратты сыни тұрғысынан талдау, жеке деректер мен қаржыны қорғауға жауапкершілікпен қарау. Қатысқан сынып жетекшілер саны: 4 сынып жетекші.
Қатысқан оқушылар саны: 114 оқушы
 
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы. Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы жұмысының бір бөлігі ретінде ата-аналарға баласының уақытты басқару және оны тиімді ұйымдастыра білу, оқу және бос уақытты бірлесіп жоспарлау тәсілдері туралы кеңес берілді. Қатысқан сынып жетекшілер, пән мұғалімдері: 8 мұғалім
Қатысқан ата-ана саны: 25
Ұйымдастырған: ДТІЖО Д.С.Танатарова
 

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасын іске асыру бойынша «Еңбегі адал-жас өрен» жобасы аясында «Бүгінгі оқушы-ертеңгі студент» тақырыбында мектебіміздің түлектерімен кездесу өткізілді.

https://www.facebook.com/share/v/1BWEPpeWE1/

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы
Мектебіміздің 9-сынып қыз балалары арасында "Бұрымды қыз" челленджі ұйымдастырылды.
Бұрымды қыздар — қазақ мәдениетінде сұлулық пен ұқыптылықтың символы. Челенждің көмегімен қыздарға сұлулықты сыртқы көрініс емес, ішкі әдемілік пен құндылықтарды көрсету маңызды екендігін түсіндіруге болады. Сондай-ақ, бұрымның ұзындығы мен күтімі қыз баланың өзін-өзі күту мен ұқыптылыққа мән бергенін көрсетеді.
Бұрымды қыз челленджі қыздардың жеке ерекшеліктерін, олардың даралығын көрсетуге бағытталған. Әрбір қыз өз стилі мен сыртқы көрінісіне деген жауапкершілікті сезініп, бұрымды күту арқылы өзіне деген қамқорлықты көрсетеді.
Челлендж аясында оқушылар бір-біріне кеңес беріп, бұрымды күтуге қатысты тәжірибе алмасады, өздерінің жетістіктерімен бөліседі. Бұл қыздардың ынтымақтастық, достық және бір-біріне қолдау көрсету құндылықтарын дамытуға ықпал етеді.
 
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы.
Желтоқсан-"Бірлік пен ынтымақ айы".
Аптаның дәйексөзі: "Бірлігі күшті ел озады"
02.12.2024ж күні дәстүрлі сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарға "Зорлық зомбылыққа қарсы 16 күн" республикалық науқаны аясындағы "Зорлық зомбылықсыз балалық шақ" іс-шаралары да кірістіріліп, оқушылармен осы тақырыпта жұмыстар жасалды.
Іс-шараны ұйымдастырып жүргізуші: ДТЖО, сынып жетекшілер
ке кее кеее
"№7 ЖББМ" КММ- де 2024-2025 оқу жылында "Жазылымның сыры" жобасы ұйымдастырылып, жоспарға сай жұмыс жүргізілді.
Жобаның мақсаты:
1. Білім алушылардың көркем жазу дағдыларын дамыту;
2. Жазылым барысында грамматикалық және стилистикалық сауаттылығын арттыру;
3. Оқушылардың өз ойын жазбаша түрде жүйелі және түсінікті жеткізуіне ықпал ету;
Қараша айында 3 диктант алынды. Жазылған диктанттар жауапты мұғалімдер тарапынан тексеріліп, іріктелді. Нәтижесінде 6- сыныптардан 20 оқушы, 7- сыныптардан 21 оқушы үздік деп танылып, марапатталды. Жоба жетекшілері: Байманова А, Турғанбаева Б.
 

Жоспарға сәйкес жүргізілген “Amazing English world” ағылшын - тілі пәні апталығы аясында 9 - сыныптар арасында “My future profession” атты сайыс өткізілді. Сайыс мақсаты білім алушылардың мамандық таңдауда ұжыммен, қоғаммен шығармашылық қарым-қатынастың инновациялық түрлерін дамыту. Кәсіби білім алуда шығармашылық қабілеттерін дамыту. Болашақ маман иелері оқушылармен бірге болашақ мамандық таңдау жайлы бағыт - бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін түсіндіру.

https://www.facebook.com/100013398934535/videos/1292974218683148/

Ағылшын тілі пәні апталығы жоспарына сәйкес 6-сынып оқушылары арасында өткен "HARRY POTTER” сиқырлы әлем сайысы сәтті аяқталды! Олар Дж.К. Роулингтің «Гарри Поттер» шығармасындағы сиқырлы әлемге шынайы қызығушылық танытты.
Шараның негізгі нәтижелері:
• Оқушылар Гарри Поттер әлемі туралы білімдерін кеңейтіп, викторина сұрақтарына белсенді жауап берді.
• Шығармашылық тапсырмалар барысында қатысушылар өз қиялдары мен қабілеттерін көрсетті.
Барлық қатысушылар марапатталды.
Шара оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және командалық жұмысқа деген ынтасын арттыруға септігін тигізді. "HARRY POTTER” сиқырлы әлем сайысы балаларға ұмытылмас әсер қалдырды!
Ұйымдастырушылар: Калыбаева А. Рзабаева А. Чалабаева Г.
 
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасын іске асыру бойынша "Даналық мектебі" клубы аясында "Өнегелі он бес минут" іс-шарасы өткізілді.
"Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі" тақырыбында әжелермен кездесу ұйымдастырылды. Әжелеріміз шәкірттерге өнегелі әңгімелерін айтып, отбасылық және ұлттық құндылықтырды дәріптеді. 
Кездесуді ұйымдастырып, жүргізген: ДТЖО және бастауыш сынып мұғалімі Жанкеева Нұргүл
 
 
 
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында "Күзгі асар" жәрмеңкесі өткізілді.
Жәрмеңкеге 4- сынып окушылары тамаша туындыларымен қатысты.
Көрмеге күзгі өнімдер арқылы керемет идеялармен жасалған жұмыстар қойылды.
 

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында "SMART BALA" жобасы аясында 8-сыныптар арасында челлендж ұйымдастырылды.

https://www.facebook.com/100013398934535/videos/595299979726533/

2024 оқу жылының 28 қараша күні 3 - сынып оқушылары арасында "The Secret of treasure map" атты сайысы өтті.
1 кезеңнен бастап оқушылар өздерінің көшбасшылық қабілеттерін көрсетті. Сайыс 4 кезеңнен құралды.
1. Сұрақ -жауап
2. ⁠Есеп шығару
3. ⁠Сәйкестендіру
4. ⁠Грамматика.
Берілген тапсырмада қатысушылар сөздердің екі тілде (қазақ және ағылшын) баламасын табу арқылы өздерінің сөздік қорын қаншалықты жақсы меңгергенін тексерді. Айтылым, жазылым мен тыңдалым дағдысына және жаратылыстану, математика мен дене шынықтыру пәндері бойынша тапсырмалар орындалды. Сайыс соныңда оқушылар тәтті сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды. Ұтқан топ сайысымыздың 2 -ші кезеңіне жолдама алды.
 
Қараша айының іс жоспарына сәйкес көркем еңбек пәні мұғалімдері "Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз" тақырыбында 5,6,7-сыныптар арасында сурет салу байқауы өткізді.
Байқауға білім алушылар белсене қатысып, аталған тақырыпты сырлы бояу, қырлы қарындаштармен жеткізген.
Байқауының мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жастар арасында адалдық пен әділдік принциптерін насихаттау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың теріс әсерлерін көрсету арқылы оның алдын алу шараларын күшейту. Байқау арқылы жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, азаматтық жауапкершілікті арттыру және мемлекет пен қоғамның осы маңызды мәселеге деген назарын аудару көзделеді.
Көрмені жоспарлап, ұйымдастырушы: ДТЖО, сынып жетекшілер және көркем еңбек пәні мұғалімдері