"Біртұтас тәрбие" бағдарламасын іске асыру аясында, Ақпан - Жасампаздық және Жаңашылдық айының жоспарына сәйкес, 5-сынып ұлдарының арасында "Жігіт сұлтаны - 2025" байқауы өткізілді. Жігіттеріміз байқауда 4 кезең бойынша бақ сынасты. Олар:
1. "Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер" таныстыру кезеңі.
2. "Өнерлі бала өрге жүзер" өз өнерін көрсету кезеңі.
3. "Тіл қаруы - сөз" мақал-мәтелдерді жалғастыру кезеңі.
4. "Білекті бірді жығар" қол күрес кезеңі.
Байқауға қатысушы жігіттер, өз белсенділігін көрсетіп, арасындағы шын мықтылар анықталып, арнайы алғыс хаттар мен сыйлықтарға ие болды.
Ұйымдастырушы: сынып жетекші Қалмуратова Айнур
Қатысушы оқушы саны: 175 оқушы