Public utility institution

General educational high
school №7

  +7 (7292) 31 89 12
Mangystau region, Munaily district, village Atameken
 

Menu

Weather

  Aktau
 
 

pogoda

14.07.22 1

Мобильное приложение для родителей

Разработано для родителей с целью предоставления им возможность отслеживания успеваемости своего ребенка в школе

Play Market App Store

 14.07.22 2

Мобильное приложение для учителей

Разработано для учителей с целью предоставить им возможность управлять учебно-образовательным процессом в школе

Play Market App Store

logo new

TopIQ – современные цифровые учебники

Познакомьтесь с примерами заданий и анимацией.

https://topiq.kz/ru 

 

Ағылшын тілі апталығы аясында, бірлестік жоспарына сәйкес 5 сыныптар арасында "Thanksgiving day " тақырыбында алғыс хат сайысы өткізілді.
Мақсаты : оқушылардың ағылшын тілінде сөйлеу,жазу дағдысын дамыту және алғыс айту, сыйластық, құрмет сынды адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту
Жетекшілері: Аймұхаммедова Т.Алдибаева Г.Карабаева Г.
 
28.11.2024ж күні Ағылшын тілі апталығы аясында "Funny English" іс-шарасы өтті. Аталған іс-шарада оқушылардың тілдік дағдыларын жетілдіруге арналған белсенді ойындар мен тапсырмалар ұйымдастырылды. Бұл шара командалық жарыс түрінде өтті.
Әділқазылар жеңімпаздарды анықтап, барлық қатысушыларды марапаттады.
Мақсаты:
Оқушыларды ағылшын тіліне баулу, олардың тілге деген қызығушылығын арттыру және ойын түрінде оқыту арқылы сөздік қорын дамыту.
Әділқазылар жеңімпаздарды анықтап, барлық қатысушыларды марапаттады.
Пән мұғалімі:Чалабаева Г.М. Алдибаева Г.С.
Күні: 28.11.2024
 
Ағымдағы жылдың 23-29 қараша күндері аралығында метебімізде ағылшын тілі апталығы жоспарланған. Жоспарға сәйкес 8-сыныптар арасында "Independence day of Kazakhstan and Astana is a capital city" тақырыбында видео-презентациялар сайысы өткізілді.
Мақсаты : оқушылардың ағылшын тілінде сөйлеу дағдысын дамыту және ұлттық құндылықтар мен тәуелсіз елімізді құрметтеуге тәрбиелеу.
Жетекшілері: Омриузакова Молдир
Камалова Акерке
 

27.02.2023ж. 1-қабат мектеп фойесінде "Fly with English" тақырыбындағы ағылшын тілі бірлестігі онкүндігінің ашылу салтанаты болып өтті. Ашылу салтанаты барысында оқушылар мен мұғалімдерге ағылшын тіліндегі сұрақтар мен қызықты ребус тапсырмалары берілді. Мақсаты ағылшын тіліндегі сөздік қорды көбейту, тек оқушылар ғана емес,сонымен қатар мұғалімдер арасында ағылшын тілін білудің,үйренудің маңыздылығын жеткізу. Қорытындылай келе ребус тапсырмаларын дұрыс шешкен қатысушыларға сыйлықтар берілді.

 109 110

22.02.23.күні " "Ұлттық руханиятымыздың өзегі-тіл"тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің онкүндігі аясында "Ой жырым,қызыл тілім,сенің арқаң" тақырыбында Жамбыл оқулары болып өтті.
Жамбыл оқулары үш бағытта жүргізілді.
I.Ақындар мүшайрасы.
II.Ақындар айтысы.
III.Жамбыл Жабаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқу бағыты.
Байқауға 5-10 сынып оқушыларының арасынан
25 оқушы қатысты.
  111 112 113
2023ж. 13.02. күні "Ұлттық руханиятымыздың өзегі- тіл" тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің онкүндігінің ашылу салтанаты өткізілді. Онкүндіктің ашылу салтанаты алаш ардақтысы, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жылдығына арналды.
Алдымен ақын өмірі, шығармашылығы туралы бейнематериал көрсетіліп, жалғасы әсем әнге ұласты.
Мектебіміздің 10-11 сынып оқушылары ақын өлеңдерін оқып, мың бұралған бишілеріміз өз өнерін көрсетті.
Шара соңында қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің онкүндігі аясында өткізілетін шаралармен таныстырылып, ашылу салтанатын қорытындылау мақсатында сөз кезегі бірлестік жетекшісі Б.Сидназаровнаға берілді.
 139 140 141
«№7 жалпы білім беретін мектеп» КММ
31.01-10.02.2023 ж. аралығында «Үйренейік, ізденейік, жас маман!» тақырыбында өткізілетін жас мамандар онкүндігінің жоспарына сәйкес "Қайырымдылық - адам жанының нұры" қайырымдылық жәрмеңкесі болып өтті.
   147 148 149 150
“Үйренейік, ізденейік, жас маман!” тақырыбында өткізіліп жатқан жас мамандар онкүндігінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2023 жылдың 8 ақпанында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі К.Эсетова мен информатика пәні мұғалімі Н.Илевбаева “Әдебиетке ден қою-руханият пен болашаққа бастар жол” атты жас мамандар арасында кітап оқу байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты жас мамандардың рухани және интеллектуалды дамуына кітап оқу арқылы ықпал жасау.
Байқау “Бір топ-бір кітап”, “Тапқырлар шайқасы”, “Суреттер сөйлейді” атты кезеңдерден тұрды.
Байқаудың 1-кезеңі бойынша жас мамандар шығарма мазмұнын қысқаша баяндап, шығармадағы көтерілген мәселені қазіргі өмірмен байланыстырса, 2-кезең бойынша сұрақтарға жауап беріп, 3-кезеңде суреттер арқылы кітаптардың атауын тапты.
Байқауда белсенділік танытқан жас мамандар онкүндіктің жабылу салтанатында марапатталатын болады.
  151 152 153
 
Бүгін 06.02.2023 күні жас мамандар он күндігі аясында 3 - сыныптар арасында орыс тілі мен ағылшын тілі пәндерінен зияткерлік байқау сабак өткізілді. Сабақта балалар белсенді болды. Оқылым,грамматика, сөздіктерді де жақсы меңгергені байқалды.
Оқушылар өздерінің грамматиканы білу деңгейін көрсетті.
Өткізген: Орыс тілі пәні мұғалімі Көмекова Ақдидар.
Ағылшын тілі пәні мұғалімі Кәрімова Фарида
  162 163 164 165 166 167
«Үйренейік, ізденейік, жас маман!» тақырыбында өткізілетін жас мамандар онкүндігінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2023 жыл 3 ақпан күні математика пәні мұғалімі Асан Гүлназ Асанқызы «Ғажайып әлем» жас мамандар арасында интеллектуалды сайыс өткізді.
Сайыс барысында 3 іріктеу ойыны және финалдық кезең болып өтті. Жас мамандарға іріктеу сұрақтарын қою арқылы ойынға қатысатын ойыншылар іріктеліп алынды.Бұл ойын барысынды жас мамандардың белсенділігі артты. Осы процестің басты мақсаты жас мамандардың ойлау қабілеттерін арттыру.
«Ғажайып алаң» интеллектуалды сайысының жеңімпазы тарих пәнінің мұғалімі Султанова Перизат.
Сонымен қатар бүгінгі ойынның финалистері қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Эсетова Қазына, ағылшын тілі пәні мұғалімі Бердибаева Күләш марапатталды.
  168 169 170 171
01.02.2023 күні болған
“Тілді қалай оңай әрі тез меңгеруге болады” тақырыбында сыныптан тыс шара өткізілді.
Өткізгендер: ағылшын тілі пәні мұғалімдері: Атабаева Диана
Әбжет Гүлназ
Сыныптан тыс шараға қатысушылар мектеп жас мамандары болды.
Шара соңында жас мамандармен мақал - мәтел ішіндегі белгіленген сөздерді үш тілде айту жарысы болып өтті.
 176 177
 
30.01.2023 ж. «№7 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де «Үйренейік, ізденейік, жас маман!» тақырыбындағы онкүндіктің ашылуы болып өтті.
Ашылу салтанаты барысында мектеп директоры Нурбаева Кансулу Дуйсеновна жас мамандарға жылы лебізін білдіріп,алдағы онкүндікке сәттілік тіледі. Едилова Гүлзира Сейтқызы биылғы оқу жылындағы жас мамандармен таныстырды. Салтанатты ашылу жиыны 2023 жылы елімізде аталып өтілетін атаулы күндер мен мерейтойлар жасырылған сұрақ-жауап ойынымен аяқталды.
185 186 187

Мектебімізде орыс тілі мен әдебиеті пән апталығының ашулу салтанаты болып өтті. "Любой язык по-своему велик" тақырыбындағы апталық аясында 1-11 сыныптар арасында интеллектуалды ойындар, ашық сабақтар, сайыстар өткізілетін болады.

235 236 237

"№7 жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 15.11-20.11.2021 ж. аралығында Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің "Ұлы даланың дара тұлғалары" апталығы аясында 15.11.2021 ж. күні Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай "Дала қоңырауы" атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығының ашылу салтанаты өтті.
Апталықтың ашылуы 10-сынып қыздарының мың бұралған әдемі биімен басталды. Әрі қарай, мектеп әдіскері Едилова Г.С. сөз сөйлеп, апталықтың ашылуына сәттілік тіледі.
"Ұлы даланың дара тұлғалары" апталығы аясында дайындалған бейнеролик арқылы өткізілетін іс-шаралар легі таныстырылып, 10 "А" сынып оқушысы Айбазарова Ырыстының орындауында "Қазақ осы" әні шырқалды. Келесі кезекте мектебіміздің оқушылары, болашақ журналисттеріміз дайындаған интервью  көрермендер  назарына ұсынылды. Мектебіміздің жас ақындары өлең шумақтарын арнады. Ұлы ағартушы-ғалым Ыбырай Алтынсарин туралы викториналық сұрақтар қойылып, көрермендер белсенді түрде қатысты..       

Апталықтың екінші күні 16.11.2021ж. халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын- аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 145 жыл толу мерейтойына арналған 9-сыныптар арасында  интеллектуалды білім сайысы өтті. 
Сайыстың мақсаты: қазақ тіл білімі мен әдебиеттің дамуына үлес қосқан қазақ халқының дара тұлғаларының өмірі мен шығармашылығын оқушыларға насихаттап дәріптеу. Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтуге үлес қосу.
Сайыс  төрт кезеңді қамтыды. Сайысқа 9-сыптардан 8 оқушы қатысты. 1-кезеңде 10 сұрақтан тұратын тест интербелсенді тақтада берілді. Ойыншылар қолдарына берілген жетондарды көтеру арқылы тесттердің сұрақтарына ұсынған жауаптардың бірін таңдады. Тест соңында ең аз ұпай жинаған  екі ойыншы ойыннан шығып отырды.
2-кезең 10 тапсырмадан тұрды, әр дұрыс жауап 10 ұпай болып есептелді. Мақал- мәтел мен тұрақты сөз тіркестеріне қаншалықты мықты екендіктері байқалды.
3-кезең. «Суреттер сөйлейді»  Экраннан суреттер берілді. Лед экранда   бейнеленген суреттер арқылы Ахмет Байтұрсыновтың қай шығармасы екендігін тауып ұпай иеленді.. Табылған дұрыс жауапқа 5-ұпай берілді.  Оқушылар өз білімдерін жан-жақты көрсетіп, кезеңдер  бойынша берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беруге  талпынды. Әр кезеңде оқушылар сұрақтарға ұтымды жауап бере отырып, ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы тың  қажетті мағлұматтарды өздеріне  ала білді. Қазылар алқасы сайысқа қатысушыларға  берілген тапсырмалар кезінде, жекелеген оушылардың дұрыс жауап беруі мен жылдам ойын жектізуін ескеріп, балл санымен бағаланып отырды. Ұтқыр да, шебер жауаптары да ескерілді. Сайыс соңында  жинақталған ұпай қорытындысымен жоғары ұпайға ие болған жеңімпаздар анықталып,  оқ бойы озып шыққан оқушылар, арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Сайыс қорытындысы:
І орын- 9 «Ә»сынып оқушысы Сыздықова Жанар.
ІІ орын – 9 «Ғ» сынып оқушысы Тоқтарбаева Жаннұр.
ІІІ орын – 9 «Д» сынып оқушысы Тахир Анар иеленді.
Сайысты ұйымдастырушылар: Абдирахметова Г.О, Байманова А.А.
17.11.2021 ж. күні Қасым Аманжоловтың 110 жылдық мерейтойына орай «Дауылды жырдың дауылпазы» атты сайыс өткізілді. Сайыс 2 бағыт бойынша өткізілді.  1кезеңде оқушылар Қасым Аманжоловтың өлеңін жатқа мәнерлеп оқыса, «Дүниеге келер әлі талай Қасым» атты ақындар мүшайрасы бағытында сайысқа қатысушы жас ақындарымыз Қасым Аманжоловқа арнау өлеңдерін жазды.
Сайыс мақсаты: Қазақтың көрнекті ақыны, «Тереңде тұнып жатқан дауыл» жырдың иесі Қасым Аманжоловтың мерейтойына орай ақынның қазақ халқының рухани дамуында алар орны зор екендігін, жыр көшіндегі ұлы Абайдың ізімен қазақ жырын тезге салған, өртке тиген дауылдай өлеңін бөбегіндей әлдилеп өткен ақын артына өшпес мұра қалдырғанын әр баланың бойына сіңіру. Ақын жырларын қамти отырып, оқушылардың Отанын, елін, ұлтын сүюге тәрбиелеу. Оқушылардың шығармашылығын дамытып, ақындық қабілетін шыңдау.
Сайыс қорытындысы бойынша оқушылар жүлделі орындарға ие болып марапатталды.
Сайыс қорытындысы: Мәнерлеп оқу бағыты бойынша
Бас жүлде Махсет Фарида
I орын Бекболат Нұртас
II Орын Реймбаева Назерке
II орын Жұмаберді Аяулым
III орын Каналбаева Диана
III орын Мизанбай Мұса
III орын Казиева Каусар
Ақындар мүшайрасы бойынша:
I орын Орынова Айнұр
II орын Махмуд Ерасыл
III Тлепова Динара
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің "Ұлы даланың дара тұлғалары" апталығы аясында 18.11.2021 ж. күні «Елімнің еркіндігі – тәуелсіздік» тақырыбында 10-сыныптар арасында зияткерлік сайысы өтті.  Сайысты ұйымдастырудағы басты мақсат: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында оқушылардың  білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін, жан-жақты ой өрісін жетілдіру, ой ұшқырлығын, оқуға деген ынтасын арттыру. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін өркендетуге, Тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді де жан-жақты дамыған, интеллекті жоғары, батыл текті, намысты ұрпақ, шынайы патриоттар тәрбиелеу. Өз Отанын сүюге, туған елінің тарихын, зиялы тұлғаларын тануға шақыру.
Сайыс басталмас бұрын ҚР мемлекеттік әнұраны шырқалып, тәуелсіздікке арналалған бейнеролик көрсетілді. Сайысқа қатысушыларды топтарға бөлу «Сиқырлы дөңгелек» әдісі арқылы жүзеге асырылды. «Білгірлер» және «Тапқырлар» тобынан құралған сайыс қатысушылары өз білімдерін сынады Сайыс 3 кезеңнен тұрды:                                                                                           І кезең «Таңдаулы тақырыптар». Үш түрлі тақырып бойынша 12 сұрақ берілді. Топтар кезегімен тақырып таңдады. Дайын топ қоңырау тетігін басу арқылы сұраққа жауап берді.                                                                                                                   ІІ кезең «Тұлғадан сұрақ». Бұл кезеңде әр түрлі пәндер бойынша экраннан тұлғалар сұрағы автоматты түрде таңдалып, таңдалған сұраққа бірінші белгі берген топ жауап берді.  ІІІ кезең «Капитандар жекпе-жегі». Топ капитандары  60 секундта берілген сұрақтарға жауап берді.
«Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік» тақырыбында 10-сыныптар арасында өткізілген зияткерлік сайыста «Білгірлер» тобы 39 ұпайды жинаса, «Тапқырлар» тобы 51 ұпайды қанжығасына байлап, жеңіс тұғырынан көрінді. Сайыс қатысушылары арнайы дипломдармен марапатталды. 
Сайысты  ұйымдастырушылар: Акмурзаева Б.С.     Эсетова К.М. Эзжанова Б.А.                                                                                                                 
19 қараша күні  апталықтың жабылу салтанаты болды. Жабылу салтанатын елі үшін аянбай қызмет еткен ұлт зиялысы А.Байтұрсынов туралы көріспен басталды. Іс-шара барысында Қ.Аманжоловтың «Атамекен» әнін 5-сынып оқушылары хормен орындап шықты.  Сондай-ақ апталық барысында өткізілген әрбір күнге тоқталып, ұйымдастырылған сайыстарды қорытындылап, жеңімпаздар марапатталды.

13.12.21 11 13.12.21 11 13.12.21 11 13.12.21 11 13.12.21 11 13.12.21 11

27.11-4.12.2018ж күндері аралығында мектебімізде химия, биология және география пән бірлестігінің «Жаратылыстану әлеміне саяхат» атты апталығы өтті.

27 - қараша күні апталықтың ашылуы болып, география пәні мұғалімдері Утепова Лаззат, Арыстанова Күмісай жауапты болды. Жиында апта бойы атқарылатын жұмыстар таныстырылды. Оқушылар жаратылыстану пәндері туралы өлең оқып, әндер орындалып,әртүрлі көрініс көрсетіп, белсене қатысты.

Апталықтың ашылу салтанаты

Апталық барысында

Химия пәні мұғалімдері

Кулжигитова Нұрсұлу 9 «ғ» сыныбына ағылшын тілінде «» тақырыбына ашық сабақ, Бахтыбаева Айгул 8 «б» сыныбына «Қызықты химия» атты сыныптан тыс сайыс сабақ өткізді. Шаралар барысында қызықты мәліметтер оқылып, сұрақ-жауаптар қойылып, формулалар, тәжірибелер көрсетілді.

Биология пәні мұғалімдері

Отешова Жансұлу 9-сыныптар арасында «Ең үздік биолог» сайыс сабақ, Отегенова Анаргул 8-сыныптар арасында «Ғажайыптар әлемі» тақырыбында сыныптан тыс сайысын өткізді. Сайыстар барысында оқушылардың алған білімдері тексеріліп, қызықты тапсырмалар орындалды.

География пәні мұғалімі

Кенжебаева Самаркан 9 сыныптар арасында «География лидері» тақырыбында сайыс сабақ өтті. Сайыс барысында оқушылар өздерінің географиялық білімдерін тексерді. Картамен жұмыстанып, қызықты тапсырмалар мен сұрақтарға жауап берді.

Апталықтың жабылуы

Жаратылыстану апталығының жабылу кезеңінде биология пәні мұғалімі Абдуллаева Казна 8-сыныптар арасында қабырға газеттерін жинақтады. Оқушылар өз жұмыстарын қорғап шықты. Апталықты қорытындылап, өткізілген шараларға белсене қатысқан сыныптар марапатталды.

Физика және информатика пәндер «Бүкіл әлем сөйлейді нақты ғылым тілінде» атты апталығы өткізілді. Апталық барысында  мұғалімдер ұйымдастырған іс-шаралар заман талабына сай ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы өтті, соның ішінде интеллектуалды сайыстар. Апталық барысында негізінен оқушылардың білім сапа көрсеткішінің деңгейін бақылау мақсатында сынақ жұмыстары алынып, сараптама жасалды.

Пәндер апталығына директордың оқу - ісі жөніндегі орынбасары Махатова Т.Е және физика, информатика әдістемелік бірлестігінің 4 мүшесі қатысты. Олардың екеуі — жоғарғы, екеуі - ІІ санатта.

Осы жылы бірлестікпен жоспарланған ашық сабақтар мен мектепішілік сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді.

Бірлестіктің апталық жоспарымен таныстыру мақсатында алғашқы  күні оқушылар жиыны  өткізілді.  Жиында апта бойы атқарылатын жұмыстар әр сыныпқа бөлініп берілді, қабырға газеттері шығарылды. Жоспар бойынша физика  және информатика  пәндерінен ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар өткізілу жоспарланды.
Апталықтың ашылу салтанаты

 

06.03-11.03.2017 күндері аралығында «Адамға екі нәрсе тіректегі: Бірі - тіл,бірі - ділің жүректегі» тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің өткізген апталығының ақпарламасы

06.03-11.03.2017ж. Наурыз күндері аралығында мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің «Адамға екі нәрсе тіректегі:Бірі - тіл,бірі - ділің жүректегі» атты апталығы болып өтті.06.03 күні апталықтың ашылуы болып,оған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Калмуратова А,Турғанбаева Баян жауапты болды.Апталықтың ашылуы ұлы жазушы Ғ.Мүсіреповтің 115 жылдығы және ақын Т.Айбергеновтің 80 жылдығына тұспа-тұс келді.Апталықтың ашылуында оқушылар тіл туралы тақпақтар,аты аталған ақын-жазушыларымыздың өлең шумақтарынан үзінділер оқып,әндері орындалып,әртүрлі көрініс көрсетіп, белсене қатысты.

06.03 күні Елешова Парша 8-сыныптар арасында наурызға байланысты«Қазағымның салт дәстүрлері-ай»тақырыбында сыныпан тыс шара өткізді.Шараға 8-сыныптың қыз балдары белсене қатысып,марапатталды.

07.03.күні Т.Айбергеновтың туған күніне арналған «Төлеген-қайталанбас дара тұлға»тақырыбында Акмурзаева Бахар 9-10 сыныптар арасында поэзия кешін өткізді.Сахнада ақынға арналған слайдтар,бейнероликтер көрсетілді.Оқушылар ақынның поэзиясынан өлеңдерін мәнерлеп оқып,әндерін орындады.

07.03 күні Шамуратова Райханның ұйымдастыруымен 7-сыныптар арасында«Әдебиет-көшбасшысы»тақырыбында сайыс өткізілді.Сайыста оқушылардың әдебиет пәнінен білімдері сыналды.Оқушылар сайысқа белсенді қатысып,жүлделі орындарға ие болды.

09.03.күні Абдирахметова Гүлзада 10 сыныптардың арасында ақын М.Шахановқа арналған«Қайсар рухты ақын»атты әдеби сазды бағдарлама өткізді.Кеште М.Шахановтың өлең шумақтарынан үзінділер оқылды,ақын сөзіне жазылған әндер орындалды,слайдтар,бейнероликтер көрсетілді. 09.03.күні 6-сыныптардың арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Байманова Ақтолқын«Алтау-алғыр» тақырыбында сайыс сабақ өтті.Сайысқа 6-сыныптың оқушылары қатысты.Сайыс 4 кезеңнен тұрды.Слайдтар көрсетілді,сұрақ-жауаптар алынды.Оқушылардың қазақ тілі пәніне деген қызығушылықтары байқалды.

10.03 күні Санбаева Гүлжайна қазақ тіліне арналған 5 ғ,д сыныптарының арасында «Тіл - білгірі»атты сайыс өткізді.10.03 күні Едилова Гүлзира 6ж,е,д сыныптарының арасында «Қазақ тілі шыңына, өрмелеп шығып күн болам!»атты интеллектуалдық сайыс сабақ өткізді.Сайыс 5 бөлімнен тұрды.Сайысқа үш топ қатысты.Оқушыларға қазақ тілі бойынша сұрақ-жауаптар берілді.Сайыс соңында 6 ж сыныбы 1-орынды иеледі. 11.03.күні пән бірлестік жетекшісі Калмуратова А,қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Ордабаева А,Тағанова Ләззаттың ұйымдастыруымен апталықтың жабылуы болып өтті.Оқушылар концерттік бағдарлама көрсетіп,апта бойы өткізілген шараларға қатысқаны үшін тиісті жүлделі орындарды иеленіп,марапаттау қағаздарға ие болды. Апталық өз деңгейінде өтіліп, жауаптылықпен қатысқан, белсенділік танытқан оқушыларға марапаттау қағаздары тапсырылды.

 

21-28.01.2017 жыл аралығында орыс тілі мен әдебиеті пән бірлестігінде өткен апталықтың ақпарламасы

2017 жылдың қаңтар айының 23-28 жұлдызы аралығында орыс тілі мен әдебиеті пән білестігінің апталығы өтті.

23 қаңтарда апталықтың ашылуы болып өтті. Ашылуында 3-8 сынып оқушылары белсенді қатысып,үш тілде өлеңдер оқып,ән салды.Ашылу мерекесіне пән мұғалімдері,методист қатысып мерекемен құттықтап,оның мазмұн мақсатымен таныстырып өтті.

24 қаңтарда 5-6 сынып пән мұғалімдері орыс көркем әдебиеті шығармаларына арналған үздік сурет байқауын ұйымдастырды.

25 қаңтар орыс тілі пәні мұғалімі Сейтенова Шолпан 5-сыныптар аралығында «Знатоки русского языка» жарысын өткізді.Жарыс өте қызықты өтті. 5а-сынып оқушылары 1орын, 5е-сынып 2 орын, 5ж-сыныбы 3 орынға ие болды.

26 қаңтарда орыс тілі пәні мұғалімі Қосанова Салтанат «Язык мой- друг мой» тақырыбында КВН өткізді. Шара қызықты өтті.

27 қаңтарда орыс тілі п пәні мұғалімдері Аймаганбетова З, Кармаганбетова Л «В гостях у сказки» атты шара өткізді. Шараға 5 сынып оқушылары белсенді қатысып, орыс халық ертегілерінен көріністер болды. Белсенді қатысқан сыныптарға, оқушыларға дипломдар берілді.Бұл шара оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттырды.

Апталық өз денгейінде өтіп, жауапкершікпен қатысып белсенділік танытқын оқушыларға марапаттау дипломдары тапсырылды.

 

2016-2017 оқу жылындағы ағылшын тілі пән бірлестігінің

«English is a key of the solidarity!» тақырыбында өткізген апталық ақпарламасы

2017 жылдың 13-18 ақпан аралығында ағылшын тілі пәнінің «English is a key of the solidarity!» тақырыбында апталық болып өтті. Апталықтың жоспары 11-ақпан күні бекітіліп, дәлізге қабырғаға ілінді. Жоспарланған ашық сабақ, сыныптан тыс шаралар өткізілді.

1) 13.02.2017 ж. сағ. 12.00 де барлық ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері апталықтың ашылуын ұйымдастырды. 2,3,4-сынып оқушылары ағылшын тілінде тақпақ, әндер айтты. 5-9--сынып оқушылары өздері дайындаған би билеп, өлең айтып, сахналық көріністерін көрсетті.

2) 14.02.2017 ж. сағ. 10.30 да Шукирбаева Айжан 10 «ә»сыныбына «Infinitives» тақырыбына ашық сабақ өтті. Сабаққа бірлестік жетекшісі және ағылшын тілі мұғалімдері Рзабаева Ақшолпан, Омриузакова Мөлдір, Орынбасарова Алия қатысты. Мұғалім сабақты түрлендіріп өтті, сабақта диалогтік оқыту, Сыни тұрғыдан ойлау модульдерінің тәсілдері қолданылды. Мұғалім оқушыларды ағылшын тілінде сөйлеуге уәждеді. Формативті бағалау (смайликтер) қолданды. Сабақ «жақсы» деп бағаланды.

3) 15.02.2017 ж. сағ. 12.15 де 7,8-сыныптар арасында Юсупова Нурдана №319 кабинетте «How is your English?» атты сайыс сабақ өткізді. 7,8-сыныптардан екі оқушыдан іріктеп алынып, ағылшын тілін қаншалықты жақсы меңгергенін анықтау мақсатында тапсырмалар берілді. Оқушылар өте белсене қатысты. Елтану, ағылшын тілі грамматика, лексикасына байланысты сұрақтарға тапжылмай жауап бере алды. Жеңімпаз болған топтар I,II,III дәрежелі дипломдармен марапатталды.

4) 15.02.2017 ж. сағ 14.20 да Кенжебаева Айсауле 6 «Б» сыныпта «Welcome to England!» тақырыбында саяхат сабақ өтті. Сабаққа Аймерегенова Қалампыр, Эбенова Раушан қатысты. Тілі үйренліп жатқан ел, Англияның мәдениеті, көрікті орындары, тарихы, географиясына, саясатына байланысты мәліметтермен таныстырылып, сол мәліметтер бойынша тапсрымалар берілді. Сабақ өте қызықты болды. Оқушылар өздерін еркін ұстап, өте белсенді қатысты. Сабақ барысында оқушылар өлеңдер айтты.

5) 16.02.2017 ж. мектебіміздің дәлізіне ілінген қабырға газеттер сайысы өткізіліп, ең жақсы деп табылған қабырға газеттер белгіленді. Жауапты Аймергенова Қалампыр.

6) 16.02.2017ж. №218 кабинетте Орынбасарова Алия, Омриузакова Молдір, Ақбаева Жұлдыз, Кузекбаева ұйымдастырған «We like English!» атты сыныптан тыс концерттік сабақ өтті. Сабақта 1,2,3,4-сынып оқушылары өздерінің дайындаған ағылшын тіліндегі ән, би, өлеңдерін орындап, ертегілерден үзінді көрсетті.

7) 17.02.2017ж. Эбенова Раушан 7 «Б» сыныбында «The world of Fairy Tales» (Ертегілер еліне саяхат) өтті. 7 «Б» сынып оқушылары «Cinderella» ертегісін қойып, әндерін орындады. Оқушылардың айтылым бойынша қателері сабақ соңында ескертілді. Оқушылардың дайындығы жақсы болды, алайда кейбір оқушылардың костюмдері эстетикалық талапқа сай болмады. Ол да мұғалімге ескертілді. Сабаққа бірлестік жетекшісі, Кенжебаева Айсауле, Аймергенова Қалампыр, Омриузакова Мөлдір қатысты.

8) 18.02.2017ж. сағ 12.15 те барлық ағылшын тілі пәні мұғалімдері дайындаған апталықтың жабылуы өткізілді. Бұл шараға 9,10,11-сынып оқушылары қатысты.

Өткізілген сайыс сабақтар мен сыныптан тыс шаралардың жетістіктерімен кемшіліктері апталықтың соңында талқыланып, мұғалімдерге ескертілді. Барлық шараларды ұйымдастыруда жаңа технология, АКТ тиімді пайдаланылды

 

 

20-25.02.2017ж. аралығында математика пән бірлестігінің

«Математика – өмір негізі» тақырыбында өткізген апталық ақпарламасы

20.02.2017ж. Мектептің акт залында «Математика – өмір негізі» тақырыбында апталықтың ашылуы болды.

Апталықтың мақсаты: Мектептің оқушыларын апталыққа белсенді қатыстыру.

· Оқушылардың ойлау қабілетімен математикалық қабілеттерін арттыру.

· Математика пәні бойынша білімдерін тексеру.

· Математика пәніне деген қызығушылығын арттыру.

Құрал-жабдықтар: Математиктердің нақыл сөздері жазылған плакаттар, интернет тақта, слайдтар, зал: шарлармен газеттермен, суреттермен безендірілген.

Апталықтың ашылуына 5,6,7,8,9,10 сынып оқушылары қатысы.

«Математика–өмір негізі» апталығының ашылуына жауапты мұғалімдер: Шолпанкулова Гүлдана мен Төретаева Жамила.

Апталық бойынша 1 баяндама, 2 ашық сабақ. 9 сайыс сабақ өткізу жоспарланды.

Сыныптан тыс шара ретінде 5,6,7,8,9,10 сынып оқушылар арасында математика пәнінен пікірталас, сайыс сабақтар өткізілді. Бұл сайыстарға оқушылар белсенді араласып, өздерінің математика пәнінен білімдерін таныта білді. Сайыс нәтижесі бойынша 5,6,7,8,9,10 сынып оқушылары арасында жеңімпас оқушылар анықталып, ол оқушылар өз пікірлерін ғылыми тұрғыда толық дәлелдей алды.

· 9 «А», «Ә» сыныптар арасында математика пәні мұғалімі: Қалмуратова Айғанша «Білім тарландары» тақырыбында сайыс сабағын өткізді. Сабағы «өте жақсы» тартымды өтті.

· 8 «А», «Г», «Ә» сыныптары арасында пән мұғалімі Алдабергенова Дина «Білім биржасы» тақырыбында сайыс сабағын өткізді. Сабағы «өте жақсы» деп бағаланды.

· 5 «Е», «Ж», «Г» сыныптары арасында математика пәні мұғалімі Алыгулова Жамал «Математика әлеміне саяхат» тақырыбында сайыс сабақ өткізді. Сабағы «өте жақсы» қызықты өтті.

· 6 «Ә», «Б», «Д» сыныптары арасында математика пәні мұғалімі Палымбетова Гүлбахар «Математика әлеміне саяхат» тақырыбында сайыс сабақ өткізді. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты. Сабағы «жақсы» деп бағалансын.

· 10 «А», «Ә», «Б», «В» сыныптары арасында математика пәні мұғалімі Дибилова Райла «Тапқыр математиктер» сайысын өткізді. Сайыс «жақсы» өтті. Сабағы «өте жақсы» деп бағаланды.

· 7 «В» сыныбында математика пәні мұғалімі Төретаева Жамила «Ұшқыр ойлы топ» тақырыбында сайыс өткізді. Сабақ жақсы өтті. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты. Сабағы «жақсы» деп бағаланды.

· 5 «А», «Ә», «Б», «Д» сыныптар арасында математика пәні мұғалімі (практикант) Ақмолдаева Баян «Математика ғылымдардың патшасы» тақырыбында сайыс сабағын өткізді. Мұғалімнің өзін-өзң ұстауы, сабақты түсіндіруі, оқушыдан жауап алуы өте жақсы дәрежеде. Интернет тақтаны пайдалана біледі. Сабағы «жақсы» деп бағаланды.

· 6 «Е» сыныбында математика пәні мұғалімі Абдирова Гүльсун «Центрлік симметрия» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабағы «жақсы» деп бағаланды.

· «Жаңа технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылығын дамыту» тақырыбында Қалбаева Гулшат баяндама жасады.

25.02.2017ж. мектептің акт залында «Математика – өмір негізі» тақырыбында математика апталығының жабылуы, қорытынды кеші болды. Ашық сабақтарға, сайыс сабақтарға, пән бірлестік мүшелерінің барлығы қатысты. Ашық сабақтарда, сайыс сабақтарда мұғалімдер критерилердің бәрін орындап, жаңа тақырыптарды өте жақсы орындап жақсы дәрежеде түсіндіре білді. Апталық өз дәрежесінде өтті. Оқушылар апталыққа жақсы қатысты. Газеттер шығарды, плакаттар дайындады, геометриялық фигуралар жасап, альбом, рефераттар, үйдің макеттерін жасады. Апталықтың соңында сайыс сабақтарға, апталыққа қатысқан оқушылар марапатталды. Әр сыныптарда үздік дәптерлер сайысы өткізілді.

 

 

2016-2017 оқу жылының 05-15 желтоқсан аралығында «Қоғамдық пәндер» бірлестігінің

«Тәуелсіздіктің ақ таңы» атты өткізілген апталық ақпарламасы

Желтоқсан айының 05-15.12.2016ж. күндері аралығында тарих, құқық, дінтану пәндері бірлестігінің Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздіктің ақ таңы» тақырыбында апталықтың онкүндігі болып өтті. Апталықтың бағдарламасы жасақталып, бекітілді. Апталық Қазақстан Республикасының 25 жылдығына және Желтоқсан оқиғасына 30 жыл толуына орай, желтоқсан құрбандарын еске алу мақсатында 8 сынып оқушылары дайындаған «Желтоқсан құрбандары» атты сахналық қойылыммен ашылды. Апталықтың 10 кү Тарих пәні мұғалімі Тлепова Даметкен апай 11 «Б» сыныбына Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына 11 «Б» сыныбына «Менің Қазақстаным» деген тақырыпта ашық тәрбие сағат өткізді. Сабақ үш тілде,өте жоғары деңгейде өтті. Ардагер ұстаз оқушыларға үш тілде тапсырмалар беріп отырды. Оқушыларда үш тілде қатар жауап беріп , өз білімдерін көрсетті. Тарих пәні мұғалімі Каракулова Ақмарал 7- сыныптар арасында «Ұлы дала тарихы» интелл. сабақ өткізді. Сабақта 7«Б»сынып және 7«В» сынып оқушылары ой жылдамдығымен көзге түсті. Тарих пәні мұғалімі Атабаева Айнұр 10 сынып «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайыс өткізді. Сайыста барлық пәндерден сұрақтар, тапсырмалар берілді, оқушылар үш тілде жауап берді. Сайыс өте қызықты , қазіргі талапқа сай өтті. Дінтану пәні мұғалімі Тлепова Даметкен апай 9 сыныптарға «Жастар және дін» деген тақырыпта баяндама оқып, оқушылардың дінге деген көзқарастарын талқылады. 6 сыныптар арасында тарих пәні мұғалімі Кадырбаева Камила «Тарихқа саяхат» тақырыбында сайыс сабақ өткізді. Тарих пәні мұғалімі Атабаева Айнұр мен құқық пәні мұғалімі Курмашов Амангелді 10 сыныптар арасында «Тәуелсіздік беттерін парақтайық» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел барысында оқушылар,өз ойларын жақсы жеткізді. 9 сыныптар арасында өткен «25 жылда жеткен жетістіктеріміз» атты слайд шоу-да, оқушылар 25 жылда жеткен жетістіктеріміз туралы айта келіп, жаңа ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, үш тілді білім мен жаңа технологияны қатар алып жүруге дайын екендіктерін көрсетті.Тарих пәні мұғалімі ардагер ұстаз Рахимова Галия апай апталықтың жабылуына 9-10-11 сынып оқушыларын қатыстырып, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысқа 100 жыл және желтоқсан оқиғасына 30 жыл толуына байланысты осы екі ортадағы тарихи оқиғаларға сахналық қойылым көрсетті. Апталықтың соңы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған концерттік бағдарламаға ұласты. Апталық өз деңгейінде өтіп, пән мұғалімдеріне мектеп әкімшілігі өз алғыстарын білдірді.

 

 

 

 

 

10-15.10. 2016ж күндері аралығында физика және информатика пәндер бірлестігінің«Физика және технология» атты өткізілген апталық ақпарламасы

Мектепте 2016 жылдың қазан айының 10-15 жұлдызы аралығында физика және информатика пәндерінен апталық аталып өтті. Аталған іс-шара пән бірлестік мүшелерінің ұйымдастыруымен «Физика және технология» тақырыбында жүргізілді. 11.10.2016ж 7ғ сыныбында: «Масса және заттың тығыздығы» тақырыбындағы ашық сабақ өте жақсы өтті. 10.10.2016ж. Халбаева Еркінайдың 11 б сыныбындағы «Электр тогының жұмысы.Джоуль-Ленц заңы.Металдар өткізгіштігінің электрондық теориясының негіздері.Ом заңын түсіндіру» тақырыбындағысабағы талапқа сай деңгейде өтті.

12.10.2016ж. «Физика және технология» 8-сыныптарда Кульмуханбетова Айдана өткізген сайыс сабағы қызықты өтті.

12.10.2016ж Джангалиева Гулнур 9-сыныптар арасында«Жүзден жүйрік» сайыс сабағын өткізді.

14.10.2016ж. 7-сыныптар арасында «Физикалық кеш» Бердишева Оразгул жәнеХалбаева Еркинай өткізген сайыс жоғары дәрежеде өтті.

15.10.2016ж Сарыкулова Жазықтың «XXI-ғасыр көшбасшысы» сайысы өтті.

15.10.2016ж. Сарыкулова Жазык 10а сыныбында«Кеплер заңдары.Бүкіл әлемдік тартылыс заңы» тақырыбындағы ашық сабақ өтті.

15.10.2016ж Апталықтың жабылуында «Физика және технология » жайлы түсінік берілді. Мектебімізде Сарыкулова Жазык Кенгесовнаның 28.09.2016ж өткізген он-лайн сабағына қатысқан оқушыларға алғыс айтылды, апталық қортындысы бойынша белсенді оқушылар марапатталды.

 

 

21.10-30.10. 2015ж. күндері аралығында жаратылыстану пәндер бірлестігініңөткізген апталық ақпарламасы

Жаратылыстану пәндері бойынша апталықтың ашылуы 29 қараша 2016 ж өткізілді. Биология пәні мұғалімі Өтешова Ж. ұйымдастыруымен 6 "ж" сыныбында 30.11.2016 ж "Жемістер" тақырыбында ашық сабақ, 7 сыныптар арасында "Астанаға саяхат" тақырыбында ойын сабақ түрін өткізді. Сабақ қызықты өткізілді, 7 сыныптар толық қатыстырылып қамтылды.

02.12.2016 химия пәні мұғалімі Кулжигитова Н.Ж. ұйымдастыруымен 8 "б" сыныбында "Менделеев периодтық жүйесіне саяхат" тақырыбында саяхат сабақ өткізді. Саяхат сабақ тартымды өтті. 03.12.2016ж. биология пәні мұғалімі 9 - 11 сыныптар аралығында "ЭКСПО - 17" көрмесін ұйымдастырып, сыныптарды толық қамтыды. Көрмеде оқушылардың қолдан жасалған бұйымдары мен суреттері көрініс тапты.

05.12.2016ж. Биология пәні мұғалімі Абдуллаева Қ. мен география пәні мұғалімі Утепова Л. ұйымдастыруымен 6 сыныптар аралығында "Өсімдіктер әлемінің кереметтері" тақырыбында танымдық сабақ өткізілді. Сабақбарысында өсімдіктер географиялық орнымен сипатталып, көптеген мағлұматтар беріліп өтті. Сабақ қызықты, әрі тартымды өтті.

06.12.2016ж. география пәні мұғалімдері Утепова Л. және Арыстанова К. Ұйымдастыруымен "Мәңгілік елге саяхат" тақырыбында саяхат сабақ өткізді.

 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесіне арналып, пәнмен байланыстырылып, 8 сыныптар арасында өткізілді.

07.12.2016ж. География пәні мұғалімі Кенжебаева С.Т. ұйымдастыруымен 7 сыныптарда "Географиялық таным" сыныптан тыс іс - шарасын өткізді.

 

08.12.2016ж. 6 - 11 сынып аралығында өткізілген "Апталық аясында" қабырға газеттерінің сайысы өткізіліп, қорытындыланды.

Апталық 08 желтоқсан айында жабылу салтанатын жасап апталық жұмысын қорытындылады. Апталық барысында барлық іс – шараға қатысқан көптеген оқушылар марапатталды.

 

03-08.04. 2017ж. күндері аралығында эстетикалық пәндер бірлестігінің «Өнерліге өріс кең» тақырыбындаөткізген апталық ақпарламасы

03-04.08.04.2017ж. күні аралығында эстетикалық пәндер (еңбек, сызу, бейнелеу, музыка, өзін-өзі тану пәндері) бірлестігінің «Өнерліге өріс кең» тақырыбында апталық ұйымдастырылды. Апталық төмендегідей іс-шаралар бойынша өткізілді.

03.04.2017ж. күні жоспар бойынша «Өнерліге өріс кең» апталығының ашылуы болып өтті. Шараға мектептің әнші, биші, күйші оқушылары өз өнерлерін паш етті. Апталықтың ашылуына пән бірлестік мұғалімдері түгелдей атсалысты.

03.04. 2017ж. күні жоспар бойынша бірлестіктің бейнелеу және технология пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен қолөнер мен сурет көрмесі жасақталды. Көрмеге мектептің он саусағынан өнер тамған оқушыларының шығармалары жарияланды. Және де ұстаздардың да кейбір бұйымдары ұсынылды.

07.04.2017ж.күні Байбозов Чынболат «Электр зақымданудан сақтану» тақырыбында 7 «в» сыныбына ашық сабақ өткізді. Ашық сабақта оқушылар қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып электр желісімен жұмыс жасауды үйренді. Чынболат ағай сабағында жаңа технолигияның топтық, жұптық жұмыс әдістерін қолданды. Оқушылар сбаққа белсенді түрде қатысты. Сабақ өз деңгейінде өтті.

04.04.2017ж. күні Матниязова Таня 6 «Ә» сыныбында «Мүсін өнерінің түрлері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ өз деңгейінде өтті. Сабақта сто элементтері қолданылды. Жаңа технологияға сай, оқушылар өз ойларын қолөнер бұйымдары арқылы жеткізе білді.

06.04.2017ж. күні Қуаналиев Нұрсабит 5 «г» сыныбына «Электр тізбегі және оның элементтері. Электр сызбасы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық сабақта оқушылар қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып электр желісімен жұмыс жасауды үйренді. Сабаққа мектеп басшылары, бірлестік мұғалімдері қатысты. Сабақ өз деңгейінде өтіп шықты.

03.04.2017ж. күні Акрамова Гүлмира 6 «Д» сыныбына «Киімге күтім жасау» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабаққа оқушылар бар ықыласымен қатысты. Сабақ барысында киімдерді жөндеу, ретке келтіру, оларға күтім жасауды үйренді. Сабаққа бірлестік жетекшісі Амантаева Гүлнара қатысып, сабақты өте жақсы деп бағалады. Сабақ өз деңгейңнде өтті.

05.04.2017ж. күні Еңсегенова Ақжарқын 10 «В» сыныбында «Жобаның эскизін, сызбасын дайындау » тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабаққа пән бірлестік мұғалімдері қатысты. Сабақта жаңа технология әдіс тәсілдері қолданылды. Сабақ өз деңгейінде өтті.

08.04. 2017ж. күні апталықтың жабылуы мектептің өнерлі оқушыларының қатысуымен ұйымдастырылып өтті. Апталық өз деңгейінде атқарылып шықты.