
Разработано для родителей с целью предоставления им возможность отслеживания успеваемости своего ребенка в школе

Разработано для учителей с целью предоставить им возможность управлять учебно-образовательным процессом в школе

Познакомьтесь с примерами заданий и анимацией.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың, қылмыстың, келеңсіз оқиғалардың, есірткі зиянды заттардың алдын алу мақсатында Мұнайлы аудандық прокуратурасының прокуроры А.Дәрібаев, инспекторы М.Оңғалбаев және мектеп мейірбикелерінің қатысуымен жоғарғы сынып оқушыларына түсінік жұмыстары жүргізіліп, дәріс оқылды.




28.09.2023ж. күні мектептің әдістемелік жөніндегі директор орынбасары Г.Едилованың ұйымдастыруымен мектепішілік “Үздік тарих және құқық пәні мұғалімдерінің олимпиадасы” болып өтті. Олимпиадаға тарих және құқық пәні мұғалімдері түгел қатысты. 1-турда тест сұрақтарына жауап берсе, 2-турда портфолио, ғаламторда жеке сайттарының жүргізілуі, ашық сабақ көрсетті. Олимпиада қорытындысы бойынша ұпай саны жоғары болған мұғалім аудандық кезеңіне іріктелді. Олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысушы әріптесімізге сәттілік тілейміз және жүлделі орынға ие болады деп үлкен сенім білдіреміз




Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай бүгін мектебемізде "Тәуелсіздік - тәтті сыйы бабамның" тақырыбында салтанатты жиын болып өтті. Мерекелік жиын "Азаттық құны" деп аталатын поэтикалық композициямен ашылды. Жиынға мектеп директоры К.Д.Нурбаева, Атамекен селолық округі әкімінің орынбасары М.К.Созакбаев және мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Тәуелсіз елдің ұрпағы өз елін, азаттығын мәңгі жырлап өтеді. Олар тәуелсіздікті тәу етер жалғыз кием деп ұғады. Әр қазақстандықтың жүрегіне патриоттық сезім ұялатар мейрам қарсаңында мектеп оқушылары мен мұғалімдері тәуелсіздікке арнап жалынды жырларын оқыды, ән айтылып, күй де шертілді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында мектебіміздің ұлағатты ұстаздары мектеп директорының алғысымен марапатталды. Сонымен қатар, Атамекен селолық округі әкімінің алғысына ие болды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында "Мұғалім үшін ең жақсы марапатты - оқушылар ғана береді" деген оймен келісер болсақ, мектебіміздегі Өзін - өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен мектеп президенті Х.Тұрлыбек ең үздік деген мұғалімдерімізді оқушылардың атынан марапаттады.
МЕРЕКЕ ТАҒЫ ДА ҚҰТТЫ БОЛСЫН!