ОҚУШЫЛАРДЫ 1 - СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ ЖАЛҒАСУДА
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, балалар, ағымдағы жылғы 1 - сәуірден бастап 2024-2025 оқу жылына 1 - сыныпқа құжат қабылдау басталды.
ҚР БжҒМ-ң 16.10.2018 жылғы № 564 бұйрығына сәйкес, бірінші сыныпқа қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 - сәуірінен бастап 31 - тамызына дейін жүзеге асырылады.
1-сыныпқа осы жылы 6 жастағы және 6 жасқа толатын балалар ата-анасының немесе білім алушылардың заңды өкілінің жеке өтініші негізінде қабылданады. Бұл – мемлекеттік қызмет көрсету нысаны болып табылады.
Ата-ана алдын-ала мектепті белгілеп, egov.kz wеb порталы арқылы өз өтініштерін тапсыра алады.
Қажет құжаттар тізімі:
• баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
• 052-2/у нысаны бойынша денсаулық паспорты;
• 065/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат (екпе картасы);
• 3х4 көлеміндегі фотосуреттің екі данасы.
• қажеттілігіне қарай ПМПК тұжырымдамасы (ерекше білімді қажет ететін балалар үшін).