"Даналық мектебі" клубының жұмыс жоспарына сәйкес 9-10 сынып қыздарына жиналыс өткізілді.
Мақсаты: Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру.
Екінші мәселе бойынша мектеп мейірбикесі қыз бала бойындағы тазалықтың қандай болуы, оны қалай ұстану жайлы айтты. Қыз баланың ерте жүктіліктен қалай сақ болуы керек және аулақ болуы жайлы баяндамалар оқыды.
Үшінші мәселе бойынша қыз балаларға арналған видеоролик көрсетілді. Жиналысқа келіп қатысқан қыз жеңгелері өз ойларын ортаға қосты. Ата-анаға сөз келтірмейтін қазақ қыздарына тән қасиеттерді бойына сіңіріп, үлкеннен өнеге алып, ұлттық дәстүрімізді жалғастыратын ибалы, инабатты, білімді қазақ қызына лайық болуға шақырды.
Ұйымдастырған: Г.Абдрахметова, Н.Кулжигитова. Қатысқан сынып жетекші: 8 сынып жетекші. Қатысқан оқушы саны: 120. Қатысқан ата-ана саны: 3