12.04.2018 ж. күні «№7 жалпы білім беру орта мектебі» КММ – сінде 6-11 сынып оқушыларына «Телефон арқылы жалған ақпарат беру және хабарлама таратудың алдын алу» тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиналысқа сынып жетекшілер, пән мұғалімдері, кіші қызметкерлер, ата – аналар қатысты. Жиналыстың басты мақсаты: телефон арқылы «Терроризм актісі» туралы жалған ақпарат беру және хабарлама таратудың алдын алу. Жиналысты мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д. Танатарова ашты. 1 мәселе бойынша Д.Танатарова «Террористік актілерді болдырмау үшін не істеу керек» тақырыбындағы баяндамасын таныстырып өтті. Телефон арқылы жалған ақпарат беру және хабарлама таратудың алдын алу туралы АӘД пәні мұғалімі С.Утибаев түсіндіріп өтті. Түсінік жұмысынан кейін оқушылар, сынып жетекшілер, ата – аналарға «Радикалды ағымдардың таралуы», «Ақпарат құралдары», «Телефондық лаңкестік» туралы бейнероликтер көрсетілді. Шаруашылық ісі меңгерушісі Т.Қайнаров Төтенше жағдай болған кезде мектеп ұжымы, оқушылардың іс – қимылы туралы айтып өтті. Оқушыларға «Терроризм» ұғымын олардың ойлау деңгейіне сәйкес түсіндірді. Жалғыз машинаға отырмауды, біреудің «кәмпит, не шоколад беремін» деуіне алданбауды, террористердің қауіпті екенін түсіндірді. Олардың барлық нәрсеге баратынын айтты. Тәлімгер Ж.Төретаева оқушыларға, ата – аналарға, мұғалімдерге «Памятка о правилах поведения при возникновении угрозы или совершении акта терроризма» жөніндегі халыққа арналған жадынаманы таратты. Қатысқан оқушы саны: 877, 40 мұғалім, 10 кіші қызметкер, 8 ата – ана.