“Ұрпақ тәрбиесі - ұлт болашағы”
Мектепішілік жалпы ата - аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа мектеп директоры К.Д.Нурбаева, тәрбие ісі жөніндегі орынбасар У.Ж.Жарасбаева, мектеп инспекторы Е.А Телжанов, педагог - психолог Г.Т.Картбаева, әлеуметтік педагогтер, сынып жетекшілер мен ата - аналар қатысты.
Ата - аналар жиналысының мақсаты: мектеп пен ата - ана ынтымақтастығын нығайта отырып, ата - аналарды бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарауға шақыру.
1. “Танысу” тренингтік жаттығуы
2. Алғашқы сөз - мектеп директоры, 2022-2023 оқу жылының қорытындысы, жаңа оқу жылындағы жаңалықтар мен өзгерістер туралы.
3. “Тәртіп - тәрбие бастауы” мектеп формасы, сабаққа қатыспау және себепсіз сабақтан қалмау жөнінде ДТЖО
4. Құқықбұзушылық пен түңгі мезгілде ата - анасыз жүрмеу т.б
5. Сұрақ - жауап және ұсыныстар
Жиналыс өз деңгейінде өтті. Күн тәртібіндегі толық мәселелер қаралды және ата - аналар тарапынан ұсыныс - пікірлер тыңдалды.
Жиналысқа барлығы 210 ата - ана қатысты.



