1 қыркүйек - Білім күніне арналған «МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» атты мектепішілік салтанатты жиын, сондай-ақ 1 - 11 сыныптар бойынша бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағаттарының аясында педагогтер ұлттық құндылықтардың, патриотизмнің, адалдықтың, адам өміріндегі бір-біріне деген құрмет пен сенімнің рөлін талқылауға ерекше назар аударды.


