"Діни экстремизм және терроризм" тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өтті.
2022 жылдың 28 қазан күні Мұнайлы ауданы, "№7 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Мұнайлы аудандық ішкі саясат бөлімінің жанынан құрылған ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Қ. Бектуров, аудандық теолог маманы Т. Махмутовтың қатысуымен, "Діни экстремизм және терроризм" тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өтті. Шараға мектеп оқушылары мен ұстаздар қатысты. Жиналыстың негізгі мақсаты деструктивтік діни ағымдар мен терроризмнің алдын алу жолдарын түсіндіру болатын. Жиын соңында оқушылар көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, оларға мардымды жауаптар алды.


