08.01.2019 жыл күні оқушылардың қысқы демалысын тиімді пайдалану мақсатында «Адал Ұрпақ» үйірмесінің жетекшісі Ж.Туретаеваның ұйымдастыруымен «Жемқорлықсыз болашақ» атты КТК сайысы өткізілді. Сайыста 7-9 сынып оқушыларынан 3 команда қатысты. Сайыс тақырыпқа сай, әділ әрі тартысты өтті. Әділ қазылар алқасының мүшелері «Адал Ұрпақ» үйірмесінің жетекшісі Ж.Туретаева, қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі А.Шаханова, математика пәні мұғалімі А.Хабай және Облыстық КТК ойындарының 3-орын жүлдегері Юпитер құрамасының капитаны А.Қияқбай.