Мектебіміздің мектепалды даярлық сыныптары арасында "Армысың, Алтын күз!" ертеңгіліктері өткізілді. Ертеңгіліктер талапқа сай безендіріліп, ән-би, көріністер көрсетумен ата-аналарды тәнті етті. Ертеңгілікке ДТЖО Г.Келешова мен пед.ұйымдастырушы Тураева Г. және мектепалды даярлық сыныптарының ата-аналары қатысты.