«№7 жалпы білім беретін мектеп» КММ - сі 2022 жылдың қыркүйек айындағы іс – шаралар жоспарына сәйкес, Мұнайлы ауданы АПБ полиция аға лейтенанты Нұржан Елжановтың қатысуымен жасөспірімдер арасындағы "Құқықбұзушылықтың алдын алу" тақырыбында 9-11 сынып ұлдары арасында жиналыс өткізілді.
Оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу,сабаққа қатыс, сабақ үлгерімі мақсатында құнды ақпараттармен таныстырып, қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелерді айтты. Мектеп пен отбасындағы қарым-қатынас туралы, бүгінгі бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелердің ортаға салынып, талқыланатыны жөнінде шолу жасады. Тәрбиенің қалыптасуы, оған ықпал ететін факторлар туралы, қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі бұл –жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың көбеюі екендігін айтып, осындай жағдайлардың алдын алу үшін оқушылардың бойында дұрыс құқықтық тәрбие мен құқықтық білім берудің маңыздылығы жөнінде ақпараттар берді.
Қатысқан оқушы саны: 210


